Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22-23 қазан күндері онлайн тәртібінде ZOOM қосымшасы арқылы облыстық «APROPOS» кәсіби қарым-қатынас клубының жобалық жұмысы ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты: сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету.
«APROPOS» кәсіби қарым-қатынас клубының жобалық жұмысына аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйым, шағын орталық, мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен әдіскерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Барлығы 75 педагог.
Жобалық жұмыстың ІІ шақырылымының бағдарламасына сәйкес қатысушылар қалалық мектепке дейінгі ұйымдары арасында құрылған «Бастау», «Парасат», «Арман», «Өрлеу», «Бірлік», «Арай» желілік қауымдастықтарының жұмыстарымен танысып, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша интерактивті әдістері мен формалары, инновациялық тәжірибесі, бала денсаулығын нығайтуда балабақша мен отбасының бірізділігін қамтамасыз ету, жас мамандардың кәсіби дамуына тәлімгерліктің ықпалы бағытында тәжірибелерімен бөлісті. Желілік қауымдастықтың алғы шарттардың бірі мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және іс-тәжірибе алмасу мақсатында қауымдастық педагогтер3 арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру» тақырыбында нормативті құжаттарды басшылыққа алып жұмыстану бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шығармашылық топтың тәжірибелі мамандары үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін перспективалық жоспар мен циклограмманың құрылуын, педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, педагог портфолиосын жасақтау бағытында ұсыныстар беріп, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық білімдері мен біліктіліктерін жетілдірді.
«APROPOS» кәсіби қарым-қатынас клубының қатысушылары І шақырылымда берілген үй тапсырмасы бойынша мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру қызметін жүзеге асыратын жобалық жұмыстарымен таныстырып, қорғады. Қорытындысында, қатысушылар өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.