2020 жылдың 27 қазанында білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары С.Алимбаеваның басшылығымен аудандық/қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.
Теректі және Жаңақала аудандарының әдістемелік кабинет меңгерушілерін қашықтықтан оқыту жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастыру туралы ақпарат тыңдалды.
Қаратөбе аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, Шыңғырлау аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі мұғалімдер қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, І тоқсанға жиынтық бағалауды (ТЖБ) дайындау және өткізу мәселелері талқыланды.
Кеңес соңында қаралған мәселелерді орындау бойынша ұсыныстар берілді.