2020 жылдың 30 қазаны күні білім беруді дамыту орталығы әдіскерлерінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерінің, облыстық мектептер директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының, Орал қаласы ПШО, «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО ПҚБА өкілдерінің қатысуымен кезекті облыстық әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңес онлайн режимде «Ерекше балаға - ерекше қамқорлық» тақырыбында өтті.
Кеңес барысында «Арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарындағы нормативтік құжаттар», «Арнайы және инклюзивті білім беру мамандары жұмысының ерекшеліктері», «Білім беру мекемелерінде педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастыру» мәселелері талқыланды.
Теректі ауданының ұстаздары жалпы білім беретін мектептеріндегі шектеу шаралары жағдайында инклюзивті және түзету сыныптарындағы жеке түзету бағдарламасымен оқытудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әдістемелік кеңес соңында ұсыныстар қабылданды.
ЕРЕКШЕ БАЛАҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Арнайы мамандардың жұмыстарының ерекшеліктері
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум
Мұғалім – дефектологтің жеке түзете дамыту бағдарламасы
Музыка-язык души. Род имен существительных.
«ЕРЕКШЕ БАЛАҒА-ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ» әдістемелік отырысының ҰСЫНБАЛАРЫ