Ағымдағы жылдың 20-23 қазан аралығында Білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері бекітілген кесте бойынша "Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау" тақырыбында облыстың білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқыту вебинарын өткізді. Вебинарда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында ОнлайнМектеп платформасымен ТЖБ- ның өткізілуі бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға байланысты нормативтік актілерге енгізілген өзгерістермен таныстырылды. Вебинарға қатысушылардың бағалау, ТЖБ тапсырмалары бойынша қойылған сұрақтарына жауап берілді.