Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 25 қарашасы күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының әдіскерлері арасында «Менің ұстанымым-әдіскер» атты облыстық байқауы оздырылды.
Әдіскерлердің кәсіби құзырлылығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру және педагогикалық шеберлігін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 11 әдіскері қатысты.
Байқау ІІ бөлім бойынша өткізілді, І-ші бөлімінде «Әдіскер портфолиосы», «Қазіргі әдістемелік қызмет» бағыттары бойынша қатысушылардың портфолиолары мен әдістемелік шарасы жазылған бейроликтері сарапталды, онлайн тәртібінде өткен ІІ-ші бөлімінде «Мен – әдіскермін...», «Ізденіс. Шығармашылық. Нәтиже», «Әдістемелік ринг» бағыттары бойынша қатысушылар өздерін таныстырып, жоба қорғап, сұрақтарға жауап беріп өз өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша І орынды – Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайының әдіскері А.Саматов, ІІ орынды – Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері А.Рахметова, ІІІ орынды - Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері А.Сарсенова иеленді.
Ерекше шығармашылықтарымен көзге түскен Қаратөбе ауданы «Айгөлек» бөбекжайының әдіскері А.Науқанов «Креативті тұлға», Бөрлі ауданы №2 бөбекжайының әдіскері Г.Сартаева «Үздік әдістемелік шара» номинацияларымен марапатталды.
Байқау қатысушыларына Білім беруді дамыту орталығының Диплом, Грамота, қатысушы Сертификаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.