Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 2 желтоқсан күні Жаңақала, Тасқала аудандарының физика пәні мұғалімдеріне нәтижеге бағытталған білім берудің тиімді жолдарын меңгерту арқылы білім сапасын арттыру және педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім сапасын арттыру: Мақсат. Міндет. Нәтиже» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинарда физика пәні мұғалімдері «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы физика пәнінің білім сапасын арттырудың жолдары», «Физика пәнінен білім сапасын арттырудың тиімді жолдары», «Оқушыда болуы тиіс дағдылардың бірі – өз әрекетіне баға беруі», «Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.