Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес педагогтердің кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, біліктілігін көтеру және табысты педагогикалық тәжірибе мен жаңашыл идеяларды насихаттау мақсатында «Көркем еңбек», «Графика және жобалау» пәндерін оқытуда жаңа әдістердің тиімділігі» атты вебинар оздырылды. Жалпы 100 мұғалім қатысты.
Шара барысында Орал қаласының білім беру бөлімінің көркем еңбек пәні әдіскері Н.Ракишова, №42 Ақ ниет гимназиясының мұғалімдері А.Есжанов, Қ. Трушева, №20 ЖОББМ мұғалімі Г. Сухова, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп гимназиясының мұғалімі А.Туребаев, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ мұғалімі Ж.Кайрова, Круглоозерный ЖОББМ мұғалімі А.Самаркина өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.