Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы 2020 жылдың 23 желтоқсанда «Заманауи білім беру жүйесі: тәжірибе, инновация және әдістеме» облыстық онлайн форумын ұйымдастырды.
Заманауи білім берудің кедергілері мен мүмкіндіктерін, педагогикалық қызметте инновациялық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану, әрі тәжірибе алмасу перспективаларын талқылауды көздеген форумға облысымыздың үздік ұстаздары, оқытушылары, магистранттар, білім беру мекемелерінің басшылары мен әдіскерлер қатысты.
Форум бағдарламасы «Our Education» консилиумы, педагогтер қауымдастығының «Trends in education» инфо-сессиясы, «Experience, Innovation, Methodology» ашық коллоквиумы аталатын үш тректі қамтыды.
«Our Education» консилумы аталатын алғашқы тректе Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Бахишева Светлана Мендығалиқызының «Білім беру 2.0.: Бүгінгі сұраныстары» тақырыбындағы баяндамасы форумға қатысушы көпшіліктің қызығушылығын оятты. Көшбасшы ретінді білім беру мекемелерінің оқыту ортасын құрудың жаңа жолдарына мән беруіне тоқталып, басқару әдістерін, заман талаптарына сай қажеттілігі мен рөлі өзгерген оқушы, мұғалімнің бойында тиімді дағдыларды қалыптастыру амалдарын жіктеп атап өтті. Орал қаласының педагог шеберлік орталығының директоры педагогика ғылымдарының кандидаты Обыденкина Лариса Валентиновнаның «Современное образование.Тренды.Драйверы.Риски» тақырыбында ұсынылған баяндамасы орталық қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының қорытындысы ретінде бүгінгі білім беру саласындағы орын алған өзгерістердің кемшіліктері мен артықшылықтарына, мүмкіндіктері мен қауіптеріне арналды. Өрлеу ҰБАО АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысының Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Измухамбетова Софья Салахадинқызының «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру: бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы баяндамасы өте мазмұнды әрі мұғалімдердің қызығушылығын тудырды. Мұғалім рөлі өзгерген сайын оның кәсіби құзыреттілігін, біліктілігін арттыру мүмкіндіктері де өзгеру үстінде. Осыған орай Институт шеңберінде ұстаздарға арналған курстардың бағыттары жөнінде жан жақты түсіндіріп өтті.
Екінші трек «Trends in education» педагогтер қауымдастығының инфо-сессиясы бес бағыт бойынша оздырылды: «Үздік педагогтер ассоциациясы», «Бастауыш сынып ұстаздарының ассоциациясы», «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы ұстаздар ассоциациясы», «Қоғамдық-гуманитарлық бағыт ұстаздарының ассоциациясы», «Көркем-эстетикалық бағыттағы ұстаздар ассоциациясы». Әр секцияда ұстаздар қауымымен бүгінгі күні білім беру саласында, сабақ құру әдістемесінде орын алған трендтер, өзекті мәселелер талқыланды. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының ақпараттық-технологиялар жөніндегі орынбасары, п.ғ.магистрі Бижанов Ақан Маликұлы «Білім берудегі цифрлық трендтер» баяндамасында жоғарыда аталған сауалды жұртшылыққа таныстырды. Әр бағыт бойынша ұстаздар мазмұнды баяндамалар ұсынды, соның ішінде Карагодина Ирина Алексеевна «Инновационная деятельность в школе - залог успеха современной школы», Хамзин Жеңіс Кәкібайұлы «Үздік сабақтың алты кереметі», Арыстанов Мукат Қайыржанұлы «Қашықтықтан білім берудегі GOOGLE платформасының мүмкіндіктері», Мартынова Марина Владимировна «Совершенствование практики преподавания и обучения с помощью Lesson Study» тақырыптарындағы баяндамалар, шеберлік сыныптар көпшілік қатысушылардың көңілінен шықты.
«Experience, Innovation, Methodology» ашық коллоквиумы болып табылатын үшінші қорытынды тректе облысымыздағы практик мұғалімдері, оқытушылары қазіргі білім саласының REAL PICTURE (шынайы бейнесі), сабақта инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану тәжірибелері төңірегінде сөз қозғады. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Мұхтар Зинур Ғафурұлының «Біздің тәжірибеден: қазіргі қажеттілік тудырған дағдыларды дамыту» тақырыбы ұстаздар мен шәкірттеріміздің бойында қандай дағдыларды қалыптастырумыз керек, сол бағытта мекемесінде атқарылған және жоспарда бар шараларымен таныстырып өтті. Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Каюбалиева Гулназ Табылдиевна «Пәнді оқытуда инновациялық технология мүмкіндіктерін пайдалану жолдары» шеберлік сыныбында өз тәжірибесінде қазіргі қашықтан оқыту барысында қолданатын үздік технологияларын көрсетіп, форум қатысушылары тарапынан жоғары баға алды. Облысымыздың инновациялық білім беруді дамыту, жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу, әдістемесін жетілдіру жұмысының бастауында тұрған С.Сейфуллин атындағы №11 ОДБАМИ директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы заманауи білімнің мүкіндіктері мен кемшіліктеріне, кедергілеріне талдау жасап, форумның жұмысына қорытынды жасады.
Форум бағдарламасы өте мазмұнды, сапалы өтті. Форум қатысушылары білім беру сапасын көтеру үшін қажетті құралдар ретінде жаңа әдістер мен технологиялармен өз қоржындарын толықтырды.