Ағымдағы жылдың 8 қаңтар күні облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың бейнелеу өнеріне көркем құндылық тұрғысындағы көзқарасын қалыптастыру және педагогтер арасында тәжірибе алмасу, жергілікті қылқалам шеберлерін қолдау және кәсіби бейнелеу өнерін насихаттау, тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ жас ұрпақтарын көркем білім негіздері мен кәсіби бағыттағы шығармашылық өнер түрлерімен таныстыра отырып, жас тұлғаның бойына мәдени көркем құндылықтарды сіңіру және көркем эстетикалық тәрбие беру мақсатында Digital Gallery: «Үйлесімділік пен рухани биіктік» облыстық онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде аудандық білім беру ұйымдарының, Орал қаласының шығармашылық, мектептен тыс жұмыс орталықтары, көркемсурет мектебі бекітілген кестеге сай, өздерінің жұмыстарынан онлайн көрме жасақтап, тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн көрмеге аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, шығармашылық орталық басшылары мен педагогтері, оқушылары барлығы 193 адам қатысты.