Облыстық «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту Зертханасының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 15,21,29 қаңтар күндері Орал қаласы №34 «Балбұлақ», №50 «Заңғар», №45 «Нұрсәт» бөбекжайлары он-лайн тәртібінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облыстық «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту Зертханасының педагогтері қатысты. Барлығы 300 педагог.
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту жолдары», «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үдерісінде жаңа технологияларды қолдану», «Инклюзивті білім үрдісінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыптарында өткен семинар практикум барысында балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда, құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, құммен жұмыс, зерттеу іс-әркеттері, оқу қызметтері, шеберлік сыныптары көрсетілді.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету мен табиғатын ашуға мүмкіндік беретін жағдай жасау мақсатында педагог-мамандардың түзете-дамыту жұмыстары, ұсақ қол моторикасын дамыту әдістері, қашықтан оқыту режимінде түзету дамытушылық ойындары ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылар интеллектуалдық дамыту зертханасының жұмысын жетілдіру мен тәрбиелеу-білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.