Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы - үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» секциялық жұмысы 2021 жылдың 13 тамызы күні онлайн тәртібінде ZOOM қосымшасы арқылы өткізілді.
Мақсаты:
- Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау;
- педагогтердің жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру;
- қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Фестиваль жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің өзін-өзі тану пәні әдіскерлері, базалық және пилоттық білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары, жалпы білім беретін ұйымдардың өзін-өзі тану пәні мұғалімдері. Барлығы 300 педагог.
![]() |
Секциялық жұмысы барысында облыстық білім беруді дамыту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру және шағын жинақты мектеп бөлімінің басшысы А.Бексултанова алғы сөзбен ашты. |
![]() |
Орал қаласы АҮДҰИ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.Арыстанова жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзін-өзі тануды оқытуға педагогтердің практикалық дайындығын қамтамасыз ету, сабақтың құрылымын, сабақ жоспарын дайындаудың ерекшеліктері, рухани-адамгершілік білім беру аясындағы білімді кеңейту және тереңдету сұрақтары талқыланды. |
![]() |
Орал қаласы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А.Нәсіпқалиева «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін қолдау, өзара сыйласу және түсінісу тренингін өткізді. |
![]() |
Бөрлі ауданы Жарсуат ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Г.Бикеева ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз керектігі айтылды. |
![]() |
С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММИ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі З.Мағзомова жас ұрпақты ата-бабамыздың ұлттық құндылықтарымен сусындату, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы ұлттық тұлғаны қалыптастыру туралы баяндама жасады. |
![]() |
Ақжайық ауданы Тайпақ мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі А.Бірлесова оқушыларға өзін-өзі тану пәніндегі шығармашылық жұмыстарды тиімді ұсыну жолдарын баяндады. |
![]() |
Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Д.Жұмашева жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзін-өзі тану сабағының құрылымымен таныстырды. |
![]() |
Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі А.Рахметова өзін-өзі тану пәнін Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы ұлттық құндылықтарды дарытудың тиімділігі туралы баяндама жасады. |
Секциялық жұмыс барысында педагогтер «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызды және өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде педагогтердің одан әрі жұмысы бойынша ұсынымдар қабылдады.