Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 тамыз күні Педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында жас мамандарға арналған педагогтердің кәсіби өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, жаңа технологиялық идеяларды насихаттау мақсатында «Болашаққа сенімді қадаммен» тақырыбында секциялық отырысы оздырылды. Шығармашылық алаң формасында өткізілген жұмысқа Батыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық ЖОББМ мұғалімдері қатысып құзырлы мұғалім және табысты оқыту идеясы, сабақ мақсаты, сабақ ұйымдастыруы әдістері, «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктері, «Online vs Offline» оқытудың үйлесімділігі талқыланып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Секциялық отырыс соңында кері байланыс жасалып, спикерлерге мұғалімдер тарапынан алғыс айтылды. ZOOM платформасы арқылы 300-ге жуық педагог қатысты, БҚО ББДО YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілім ұйымдастырылды.