2021 жылғы 20 тамызда Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары үшін «Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру - сапалы білімнің негізі» тақырыбында секциялық отырысын өткізді.
![]() |
Білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары С.Алимбаева «Басқарудағы академиялық дербестік» атты қызықты және өзекті тақырыппен сөз сөйледі. Білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының құрылымы мен мазмұнын, білім беру қызметін басқарудағы шаралар жүйесін, ережелер мен рәсімдерді таңдаудағы академиялық еркіндік туралы айтты. |
![]() |
Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Жардемова: Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны қандай? Қысқартылған типтік оқу жоспарын таңдағанда оқу жүктемесін қалай бөлуге болады? Вариативті компонентті тиімді жоспарлау үшін қандай жолдарды қарастыру керек? сұрақтарына жауап берді. |
![]() |
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Аймухамбетова «Оқу процесін ұйымдастыруда тиімді әдістерді қолдану және жүзеге асыру» тақырыбында өз ойымен бөлісті. |
![]() |
Орал қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жулкашева мектепте білім беру жүйесіне жаңа серпін беретін «Жаңа бастама: Өзгеріске 4 қадам» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді. |
![]() |
Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясы директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Ерментаева өзінің «Бейіндік оқытуды тиімді ұйымдастыру» атты тәжірибесімен бөлісті. Өз мектебінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру туралы, бейіндік сыныптарды ашу кезінде ата-аналармен және оқушылармен қандай жұмыс жүргізетіні, қандай қиындықтар туындайтыны және оларды шешу жолдары туралы әңгімеледі. |
![]() |
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары З.Мағзұмова білім беру ұйымы басшыларының орынбасарын портфолиосын қалай рәсімдеу керектігін егжей-тегжейлі айтып берді және аттестаттау кезінде өзінің рәсімдеу үлгілерін ұсынды. |
Секция жұмысы алдағы жаңа оқу жылында білім берудің басым бағыттары мен міндеттері белгіленіп, ұсынымдар қабылданды.