Қазақстан Республикасы «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңі оздырылды.
Кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты әдіскерлерді анықтау, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 8 әдіскері қатысты.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені - Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайының әдіскері А.Саматов, І орынды - Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері А.Рахметова, ІІ орынды - Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайының әдіскері А.Макашова, ІІІ орынды - Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайының әдіскері А.Аққайырова иеленді.
Ерекше шығармашылықтарымен көзге түскен Ақжайық ауданы «Ақбота» балабақшасының әдіскері А.Мурзагалиева «Іскер әдіскер», Бөрлі ауданы №3 «Гүлдер» бөбекжайының әдіскері Б.Айсагулова «Жаңашыл әдіскер», Шыңғырлау ауданы «Бөбек» бөбекжайының әдіскері Н.Кужиева «Өнерлі әдіскер» номинацияларымен марапатталды.
Байқау қатысушыларына Білім беруді дамыту орталығының Диплом, Грамоталары табыс етілді.
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауының республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайының әдіскері Саматов Абзал Серікұлының жұмысы жолданып, байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.