Қазақстан Республикасы «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңі оздырылды.
Мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсібі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, қоғамда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басымдықтары мен беделін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру мақсатында өткізілген облыстық байқауға 23 педагог қатысты.
Байқаудың ережесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері үш номинациялар бойынша қатысты: «Педагогикалық дебют», «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі», «Мектепке дейінгі ұйым маманы».
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі педагогтер иеленді:
«Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» номинациясы бойынша:
ГранПри – Кенжебаева Айымгул Рыскалиевна, Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі;
І орын – Мусралиева Алтынай Болатқызы, Тасқала ауданы «Ақбөпе» бөбекжайының тәрбиешісі;
ІІ орын – Дуйсенбаева Асел Сабировна , Жаңақала ауданы Жаңақала балалар бөбекжайының тәрбиешісі;
ІІІ орын – Байниязова Айсана Назарғалиқызы, Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі.
«Мектепке дейінгі ұйым маманы» номинациясы бойынша:
ГранПри – Жаньярова Гульдана Ериковна, Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайының музыка жетекшісі;
І орын – Кенесова Миргуль Бериковна, Бөрлі ауданы №3 «Гүлдер» бөбекжайының орыс тілі пәні мұғалімі;
«Педагогикалық дебют» номинациясы бойынша:
І орын – Тулешова Ұлболсын Қалиматқызы, Орал қаласы №7 «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі.
Байқау қатысушыларына Білім беруді дамыту орталығының Диплом, Грамоталары табыс етілді.
Байқаудың облыстық кезеңі жеңімпаздарының жұмыстары республикалық кезеңіне жолданып, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» номинациясында - Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі А.Кенжебаева Бас жүлдені, «Педагогикалық дебют» номинациясында Орал қаласы №7 «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі Ұ.Тулешова жүлделі ІІІ орынды иеленді, «Мектепке дейінгі ұйым маманы» номинациясында Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайының музыка жетекшісі Г.Жаньярова Алғыс хатпен марапатталды.