Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында «Ана тілің – арың бұл» өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджі ұйымдастырылды.
Челленджге мектепке дейінгі ұйымдардың 3 жастан 5(6) жасқа дейінгі балалар қатысты, барлығы 20 тәрбиеленушінің бейнежазбалары қабылданды.
Челлендж қорытындысы бойынша қатысушылар номинацияларға сәйкес марапатталды:
- «Үздік жеке мәнерлеп оқу» - Анес Заңғар, Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Үш бақытым», М.Мақатаев);
- «Басқа ұлттың үздік оқырманы» - Мешков Дмитрий, Бөрлі ауданы №5 «Ертегі» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Отан», Жадыра Батырханова);
- «Үздік өнер көрсету» - Қайыржан Нәзік, Ақжайық ауданы О.Исаев атындағы ЖОБМ жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушісі («Ана тілім»,Ысқақ Әкім);
- «Жеңіске деген жігері үшін» - Ерболат Диана, Орал қаласы« №20 «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар);
- «Үздік орындаушы» - Каленова Ясина, Сырым ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі («Ана тілі», Қадыр МырзаӘлі);
- «Өнерлі бүлдіршін» - Нұрислам Рустамұлы, Жаңақала ауданы Жаңақала балалар бөбекжайының тәрбиеленушісі («Өлең- сөздің патшасы, cөз сарасы», Абай Құнанбаев)
- «Педагогпен және ата-аналармен үздік өнер көрсету» - Айаш Айнакөз, Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Ана тілім», Нәсіпбек Айтұлы);
- «Үздік тандем» (ағасымен, әпкесімен немесе досымен орындау) – Меңдіхан Аяулым, Казталов ауданы «Арай» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Ана тілі», Ысқақ Әкім).
Челлендждің республикалық кезеңіне Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Анес Заңғар мен Ақжайық ауданы О.Исаев атындағы ЖОББМ жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушісі Қайыржан Нәзіктің бейнежазбалары жолданып, Анес Заңғар «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды.
http://rc-dd.kz/news/read/Pedagogterdin_balalar_men_ataanalardyn_katysuymen.html