Білім басқармасы мен Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес тірек мектептер (ресурстық орталықтар) мен магниттік шағын жинақты мектептердің қызметін талдау, үздік ресурстық орталықты анықтау мақсатында облыстық «Үздік ресурстық орталық» байқауы өткізілді. Байқауға 11 ресурстық орталық қатысты.
Облыстық «Үздік ресурстық орталық» сырттай байқауының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар жүлделі орындарды иеленді:
І орын - Шыңғырлау ауданы Ащысай МББК ресурстық орталығы;
ІІ орын – Теректі ауданы Ақжайық ЖОББМ ресурстық орталығы;
ІІІ орын – Сырым ауданы Бұлдырты ЖОББМ ресурстық орталығы;
«Үздік шығармашыл ресурстық орталық» аталымы - Казталов ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ ресурстық орталығы.
Байқау жеңімпаздары дипломдар және грамотамен марапатталды.