Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің облыстық «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауы оздырылды.
Байқауға аудан (қала) мектептерінен 13 педагог қатысты.
Байқаудың мақсаты: «Өзін -өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, педагог еңбегінің беделін арттыру және қолдау.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
І орын - Орал қаласы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Давлетова Слубике Мурзагереевна;
ІІ орын – Бәйтерек ауданы Абай мектеп - гимназия - интернатының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ситказиева Гульфайрус Максутовна;
ІІІ орын - Сырым ауданы Бұлан мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кажмуратова Гулзира Гадилшиевна;
«Жаңалыққа жаны құмар» аталымы - Шыңғырлау ауданы Тасмола жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кабидуллиева Галия Айткалиевна;
«Шығармашыл ұстаз» аталымы - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Дакишева Айнагуль Наримановна.
Байқау жеңімпаздары дипломдар және грамотамен марапатталды.