Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сай ағымдағы жылдың 27 қараша күні Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп гимназиясында облыстық математика пәні мұғалімдерінің арасындағы педагогтердің оқу-танымдық қызметін ынталандыру, мұғалімдердің математикалық білімдерін насихаттау мақсатында «Математикалық регата» турнирі оздырылды.
Шараға 10 ауданның құрама командасы, Орал қаласынан екі команда және облыстық мектептерден 3 құрама командалары қатысты. Командалар төрт турдан тұратын сайысқа түсті. Қорытынды кезеңінде байқауға қатысушылардың жұмыстары талданды, шешім шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
Турнирдің қорытындысы бойынша төменде аталған қатысушылар тобы сыйлықтар, дипломдар мен грамоталармен марапатталды.
І орын - Дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялық мектеп интернат лицейі, «IT STAR» командасы;
ІІ орын - Бөрлі ауданы, «Болашақ» командасы;
ІІІ орын - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернат кешені, «Батыс» командасы;
ІІІ орын - Тасқала ауданы, «Квант» командасы;
«Үздіктің үздігі» аталымдар бойыншы:
- Бәйтерек ауданы, «Пифагоршылар»
- Жаңақала ауданы, «Пирамида»
- Орал қаласы, «Логарифм»
- Теректі ауданы, «Алгоритм» командалары иеленді.