Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ШЖМ-де біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерді анықтау, озат педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісінің ерекшелігі» тақырыбында шағын жинақталған мектеп бойынша аудан әдіскерлері, бастауыш мектеп педагогтері, шағын жинақталған мектептердің пән мұғалімдері және жас мамандарының қатысуымен облыстық семинар оздырылды.
Семинардың теориялық бөлімінде білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары С.Алимбаева «Шағын жинақты мектептерде педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, біріктірілген сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарының рәсімделу үлгісімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде жаңашыл педагогтер «Біріктірілген сыныптарда оқытудың белсенді әдістері білім алушылардың мотивациялық іс-әрекетінің құралы ретінде», «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі», «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі», «Шағын жинақты мектептегі біріктірілген сыныптарда биология пәнінен сабақ берудің ерекшелігі» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.
Семинарға қатысушылар оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолданып, тәжірибелерімен бөлісіп, өз қоржындарын толықтырды.