2020 жылдың 22 мамырында Батыс Қазақстан облысы білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженер-педагогтерінің біртұтас ақпараттық жүйе арқылы оқыту деңгейін арттыру мақсатында «Қашықтан оқыту жүйесіндегі педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.
Вебинарға ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің өкілдері, «TaIap» КЕАҚ мен облыстардың әдістемелік орталықтарының басшылары және басшылардың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
Вебинар барысында Орал ақпараттық технологиялар колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бисалиева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында Онлайн режимінде дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру бойынша іс тәжірибесімен бөлісті.
Білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Р.Куаншалиева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңартылған білім мазмұнына көшуде атқарылып жатырған жұмыстарына тоқталды.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі басшысының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары З.Мұхтар «Білім беру мазмұны мен үдерісін ұйымдастыруды модернизациялау жобасы» аясында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің кәсіби жетілдіру жұмыстары туралы айтты.
Вебинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Google Forms платформасы арқылы кері байланыс парағы жүргізілді.