2020 жылдың 29 мамыр күні БҚО білім басқармасы және білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында «Балалар демалысы: баланың дамуы мен тәрбиелеу кеңістігі» атты онлайн режимінде вебинар ұйымдастырылды.
Вебинарға БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің балалар мен жасөспірім арасында инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің жазғы демалысты ұйымдастыруға жетекшілік ететін мамандар, лагерьдің басшылары мен облыстық білім беру мекемелеріндегі лагерьлердің жетекшілері қатысты.
Вебинар барысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары, балалардың сауықтыру орталықтарындағы санитарлық - эпедимиялогиялық талаптарының жағдайы, балалардың жазғы демалыс орталықтарында өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етілуі, су айдындарында балалардың қаза болуы жағдайларын азайту бойынша іс-шаралар кешені, «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!” демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасы таныстырылып, жазғы демалысты ұйымдастыруға жетекшілік ететін мамандар тарапынан туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасып, қашықтықтан жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырылуы қауіпсіздік шаралары атқарылып отырған іс-шаралар талқыланды.
Вебинар соңында ұсынбалар қабылданып, қорытындыланды.