БҚО білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Үш ИИИ. Инновация. Интеллект. Интеграция» педагогикалық – әдістемелік жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен және жалпы орта білім беретін мектептермен бірлескен жұмыс жоспары құрылып, ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Осыған орай 2020 жылдың 27 сәуір және 29 мамыр күндері М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен Жоғары инженерлік-техникалық колледжі, Құрманғазы атындағы саз колледжі, Евразия колледжі және Жоғары аграрлық-техникалық колледжі оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім беру-заман талабы», «Белсенді әдіс-тәсілдер мен CLIL стратегияларын оқытуда тиімді қолдану» тақырыптарында өткізілген әдістемелік оқыту вебинарларына колледждердің жалпы білім беретін пән оқытушылары белсенді қатысып, жаңартылған білім беру мазмұнының мақсат, міндеттері мен ерекшеліктері, қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі және бағалау туралы мәліметтер алып өз пікірлерімен бөлісті.
Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі
Жаңартылған білім беру – заман талабы
Жаңартылған білім мазмұны Бағалау
Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, міндеті, ерекшеліктері