БҚО білім басқармасы және «Білім беруді дамыту орталығы» мен БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне әдістемелік көрсету көмек мақсатында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтерге ағымдағы жылдың 10-11 маусым аралығында екі бөлімнен тұратын «Жасөспірімдердің суицидалды мінез-құлқы»тақырыбындағы облыстық вебинары өтті. (Қатысушылар саны-397).
Вебинарды ҚР Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) үйлестірушісі Кадырова Айгүл Шариповна алғы сөз сөйлеп, техникалық жетекші Айбар мен Сая вебинар кезіндегі ережелермен таныстырып, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психологі, психология оқытушысы, кәсіби психотерапиялық лиганың нақты мүшесі Махатаева Жұлдыз Төрәліқызы «Жасөспірімдердің суицидалды мінез-құлқы» тақырыбында (қазақ және орыс тілінде) теориялық бөлімінде жасөспірім шағы: 10 жастан 19 жас аралығындағы адамның есеюі мен даму кезеңі, суицид термендерді анықтау, күйзеліс және әлсіздік моделі, балалар мен жасөспірімдер суицидалдығының қауіп факторлары, суицидпен байланысты психикалық бұзылыстар, жасөспірімдердегі депрессияда бір-екі емес, бірнеше симтомдар қатер келуі, жасөспіріммен дерпессия симптомдары анықталған жағдайдағы психологтің әрекеттері, үрейлілік – шашыраңқы, жөн-жосықсыз қорқыныш, белгісіздік пен қауіп алдындағы дәрменсіздік сезімі, жасөспірімнің үрейлі күйлерімен жұмыс жасау әдісі, тамақтанудағы бұзылыстар – баяу суицид, жасөспірімнен тамақтанудағы бұзылыстар анықталған жағдайдағы психологтің әрекеттері, суицидпен байланысты мінез-құлықтық бұзылыстар, суицид жасау ниетінсіз өзіне зақым келтіру, суицидтік мінез-құлықтың қатер факторларының перархиялық жіктемесімен таныстырса, ал практикалық бөлімінде тиімді анықтау үшін педагог-психолог жасөспірімнің өмірдегі тіршілігіндегі барлық салалары қатысты қатерлерге баға беру, «Қатер тобындағы» балалармен жұмыс жасаудағы іс-қимылдар әрекеті, бала бойындағы жоғары қатер табылған жасөспіріммен не істеу керек?, баланың бойындағы орташа қатер табылған жасөспіріммен не істеу керек?, жасөспіріммен қалай сөйлесу керек?, әңгімелесуге қатысты ұсынымдар, ескертуші белгілер іздеу, жанама сөзбен айтылатын белгілер, жанама сөзбен айтылатын белгілері, мінез-құлықтағы басқа да белгілері, әрі қарай бағыт сілтеу, клиникалық жағдаят әдістерімен таныстырып, іс-тәжірибесімен бөлісті.