Білім беруді дамыту орталығы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу кезінде мектеп жанындағы интернаттары жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша кеңес беру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні «Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңес алаңы өткізілді. Әдістемелік алаңға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, мектеп жанындағы интернат ұйымдарының меңгерушілері қатысты.
Барлығы 64 адам.
Әдістемелік алаң барысында БҚО тауар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау комитетінің балалар мен жасөспірімдер арасындағы жұқпалы емес ауруларды бақылау мен қадағалау бөлімі басшысының орынбасары Р.Ә Шазадаев «Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын ұйымдастыруда қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар», БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту орталығы бөлімінің бас маманы Х.К Искандарова «Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын ұйымдастырудағы реттеуші заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері», БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Алтынбек «Мектеп жанындағы интернат ұйымдарында «Коворкинг» орталығын ұйымдастыру және оның әдістері» тақырыбында ой бөлісіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.