2020 жылдың 30 қыркүйек күні БҚО Білім беруді дамыту орталығы «Робототехниканы қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік алаңының кезекті тікелей эфирі өткізілді.
Әдістемелік алаңда Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Жұмағалиев Марат Жалғасбайұлы қашықтан оқыту кезінде робототехника курсы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.
Тікелей эфир барысында спикер қазіргі кездегі қашықтан оқыту барысында робототехника курсын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тегін платформалармен таныстырып, өзінің youtube каналындағы бейнесабақтарымен бөлісті.