Ағымдағы жылдың 18 қараша күні БҚО білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Орал қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, №6 ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі Г.Утепова ОЖСБ мен қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде орыс тілі мен әдебиеті, тарих сабақтарында жұмыс жүйесін ұйымдастырудағы педагогикалық шығармашылық тәжірибелерімен алмасу мақсатында «Оқушыларды ОЖСБ және қорытынды аттестаттауға дайындау» тақырыбында онлайн - вебинар ZOOM платформасында өткізілді. Вебинарда «Оқушыларды ОЖСБ және қорытынды аттестаттауға дайындаудың ерекшеліктері», «BilimLand қорларын ОЖСБ және қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде пайдалану», «Қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде мәтінмен жұмыс істеу формалары мен әдістері», «ОЖСБ және қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде Google форма арқылы тесттермен жұмыс», «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудағы GOOGLE CLАSSROOM-ның функционалдық мүмкіндіктері», «Эссе-ОЖСБ-ға дайындық кезінде сыни тұрғыдан ойлау тәсілі» тақырыптар төңірегінде талқыланды. Вебинарға облыс және аудан, қала мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәні мұғалімдері, әдіскерлері барлығы 200 мұғалім қатысты.
Қорытынды бөлімінде вебинарға қатысушылар Үш «П» рефлексия түрінде пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.