Облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің мектеп директорларына арналған «Мектепті басқару:білім сапасын жақсарту.Жаңа бағыттар» тақырыбында оқыту- семинары өткізілді. Семинарды ұйымдастырудағы басты мақсат: білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту мен білім сапасын арттыруда әріптестер арасында тәжірибе алмасу.
Семинарды басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева ашып, шараның мақсат-міндеттерін нақтылаумен қатар, ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының тұжырымдамалық идеясы негізінде өз пікірін білдірді.
Семинар барысында білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруі, мектептердің нормативтік базасының жаңаруы, білім берудің бүгінгі сұраныстары бойынша БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева талдау жасады.
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелері туралы», «Тәрбие жұмысының өзекті мәселелері», «Өмірдің қиын жағдайындағы және жетім, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы анықтау және қолдау жұмыстары», «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алу мүмкіндігін жүзеге асыру» тақырыптарында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде сала мамандары мәлімет беріп, алда жүргізілетін іс-шаралармен ой бөлісті. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында мектеп басшылары мен орынбасарларының аттестаттаудан өтудегі өзгешіліктері жөнінде ақпарат берілді.
Семинар барысында республикалық білім беру саласының мамандары да өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, доцент «Білім беру 2.0.: Бүгінгі сұраныстары» Светлана Бахишева білім саласындағы бүгінгі өзгерістер, жаңалықтары туралы айта келе, әр білім беру ұйымының өзіндік ерекшеліктері мен жұмыс жасау бағыты болу керектігін баса айтты.
Карантин жағдайында білім беру ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі, рухани, моральдық және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу кешеніндегі мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы деректерді қалыптастыру жөніндегі сұрақтар бойынша«Карантин кезіндегі санитарлық – эпидемиологиялық талаптар», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» бойынша облыс көлемінде білім ұйымдарымен жасалған іс-шаралары: рейд саны, құқық бұзушылық бойынша тіркелген істер жөніндежасөспірімдермен жүргізілген жұмыстар талқыланды. Семинарда ерекше мән берілген тақырыптардың бірі: педагогтердің біліктілігін арттыру, білім саласында білім беру сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті жетілдіру, қолдау бағытындағы жұмыстар да талданып, пікір алмасылды. Білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының педагог мамандарының шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау, олардың кәсіби жетілуін ынталандыру, сондай-ақ, бүгінгі педагогикалық технологияларды қолданудағы іс-тәжірибесін таратудың жаңашылдық кеңістігін құру бағыттын қалыптастырған білім ұйымдары: Назарбаев Зияткерлік мектебі мен педагог шеберлік орталығының мамандарымен бірлескен жұмысы болды.
Оқыту-семинарының үшінші күні «Тәжірибе алаңы – кәсіби өсу кепілі» аталымындағы практикалық бөлімде мектеп басшыларының мектептің дамытуға бағытталған жұмыс жоспарларын жүйелеу, ұлттық деректер базасы жұмысын жақсарту және бір-бірімен тәжірибе алмасу алаңдары жұмыстарымен іс-тәжірибе алмасу бағытында өткізілді. Мұнда С.Сейфуллин атындағы №11 ОДБАМИ директоры Аягөз Хамзина өз мектебінің дамытуға бағытталған оқу-тәрбие процесін жоспарлаудың жолдарын көрсетсе, білім беруді дамыту орталығының бөлім басшысы Максим Кулекешов: Ұлттық деректер базасымен жұмысты жүйелеу, толтыру сапасына мән берілу керектігіне, ал Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушысы Құралай Искакова «Өзін-өзі оқытатын ұйымдағы жобалық іс-шаралар арқылы мұғалімдердің метадағдыларын дамыту» тақырыбында жобалық жұмыстың үлгісімен таныстырды.
Тәжірибе алаңы-кәсіби өсу кепілі тұрғысында өзгерістерді басқару бойынша «Кәсіби басшы» мектебінің жетекшісі Азима Губашева топқа бөлу арқылы басшылардың негізгі міндеттері, жұмысты ұйымдастыру мен кездескен мәселелерді шешу жолдары, қазіргі мектепті басқарудың ерекшелігі барысында жұмыстанса, қашықтан оқыту жағдайындағы менеджмент жұмысы жөнінде «Жас басшы» мектебінің жетекшісі Мария Кабакова жаңадан бастаған мектеп директорларының мектепті басқарудың тиімді тәсілдері мен жұмыс нәтижесінің ұтымды, әлсіз тұстарымен, ұйымдастыру құрылымын, мақсат, міндеттерін дұрыс анықтау, педагогикалық қызмет, кәсіби деңгейлерін көтеру жолдары тұрғысында жасалған жұмыстар нәтижесін тыңдаушылар назарына ұсынды.
Семинар соңында мектеп басшылары өзара талдау жасап, ұйымдастырушылар тарапынан берілген сауалнамаға кері байланыс берді.
Профессиональный рост педагога. Измуханбетова С.С.
Инструментарий международного исследования PISA-2018/компьютерный формат
Сборник тестовых заданий TIMSS
Международное исследование TIMSS. Методическое пособие
Сборник тестовых заданий TIMSS: 4-й класс
Сборник тестовых заданий TIMSS: 8-й класс
Web-платформа электронных учебников
ПЛАН ДЕЙСТВИЙ по реализации общешкольного проекта «ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ КУЛЬТУРА ПЕДАГОГА»
Актуальные вопросы организации воспитательной работы
«Корпоративная культура организации образования»
Управление педагогическим коллективом школы в цифровой среде
Проектная деятельность как метод развития метанавыков педагогов в самообучающейся организации