* БҚО білім басқарамасы мен білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27-29 қаңтар күндері жалпы білім беретін мектеп педагог-психологтеріне әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, бейімділіктерінің дамуына көмектесу, психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу, ұжым, ата-аналар арасында психологиялық ахуалды қалыптастыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру және мектеп психологі жұмысының негізгі бағыттары мен іс–құжаттарын жүйеге келтіруді жүзеге асыру мақсатында «Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттарыжәне оны жүзеге асыру формалары» тақырыбында облыстық онлайн семинары өткізілді.
* Семинардың бірінші күні білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастыру, құжаттама жүргізуге қойылатын талаптар, білім беру үрдісіне қатысушыларды психологиялық тұрғыдан қолдау мақсатындағы жұмыс жоспары, зерттеу әдістері, ҰБТ мен қорытынды аттестаттауда оқушыларды психологиялық сүйемелдеу, педагог-психологтің профилактикалық жұмыстарын Орал қаласы білім беру ұйымдарының педагог-психологтері таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
* Екінші күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті, ҚР ЮНИСЕФ ББҰ БҚҚҚ, БҚО индустриалды колледжі мамандары мен жалпы орта білім беретін мектеп педагог-психологтеріұжымдағы психологиялық қарым-қатынас,эмоцианалды «жану» синдромының алдын алу, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу кезеңінде білім беру ұйымдарының оқушылары, ата-аналары мен қызметкерлерін психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыруда педагог-психологтерді қолдау,жыныстық тәрбие диагностикасы, алдын алу жұмыстары, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен психологтің жүргізетін жұмысы туралыіс-тәжірибелерімен бөлісіп, белсенді террористік аумақтардан оралған балалармен жүйелі оңалту жұмыстарын жүргізудің алгоритмі нақтыланды.
* Семинардың үшінші күні Павлодар облысы Ақсу қаласынан,Орал қаласы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі педагог-психологтері дарынды балалармен жұмыс бағыттары, НЗМ іс-тәжірибесінен ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері мен жобалар бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салса, Орал қаласы жалпы орта білім беретін мектептердегі әріптестеріміз жасөспірімдер арасында позитивтік өмір салтын қалыптастыру жұмыстары мен балаларды психологиялық сүйемелдеу, арттерапияның бала жан дүниесіне әсері туралы іс-тәжірибе алмасып, практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасылды. Қатысушылар саны-320.
7. Эмоционалды «жану» синдромының алдын алу
8. Нравственно - половое воспитание
9. Зорлық зомбылыққа ұшыраған балалармен психологтің жүргізетін жұмысы
10. Психологтың Мектептегі дарынды,қабілетті оқушылармен жұмыс түрлері. Павлодар облысы
12. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қолжұмсаушылықтың алдын алу
13. Суицидтік әрекетке барған балаларды психологиялық қолдау
14. Арттерапияның бала жан дүниесіне әсері
Алгоритм работы педагога - психолога
Педагог-психологтің жұмыс алгоритмі
Этические правила педагогов – психологов общеобразовательных учреждений