Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 тамыз күні «Білім берудегі өзгеріс: жаңашылдыққа бетбұрыс және іс-әрекет» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі аясында облыс мектептері мен аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің халықаралық зерттеулердегі функционалдық сауаттылықты дамытуға жауапты мамандарына, пән мұғалімдеріне педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: мақсат, жоспарлау, жұмыстану» секциялық жұмысы өтті.Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары С.Темиргалиева секция жұмысына сәттілік тілеп, оқушыларды халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарымен таныстырып, өткен оқу жылдарындағы халықаралық зерттеу нәтижелеріне талдау жасап өтті.
Орал қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы «Bilim Media Group» компаниясы, Орал қалалық білім беру ұйымдарының мұғалімдері педагогтердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында және халықаралық зерттеуге дайындау платформасы бойынша «Оқушылардың креативті ойлауын дамыту жолдары», «PISA-2022» қаншалықты дайынбыз?, «Әдіскерлер, мұғалімдер мен оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру шешімдері», «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы оқушылардың фунционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру», «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған мәтіндермен жұмыс түрлері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Секция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Барлығы – 300 педагог қатысты.