2021 жылдың 26 тамызы күні Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу ісі бағытты бойынша облыстық оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс тобының және Жас маман жобасына қатысушы колледж директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарларының кеңесі өтті.
Кеңес барысында «Талап» КЕАҚ-ң Жобалар және әлеуметтік серіктестік бөлімінің бас менеджері Р.Б.Сабирова Жас маман жобасы шеңберінде шетелдік әріптестің білім бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша Батыс Қазақстан облысының «Жас маман» жобасына қатысушы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жұмыс бағдарламаларының дайындық деңгейіне тоқталып түсінік жұмыстарын жүргізді.
2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу ісі бағытты бойынша облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс тобының келесі оқу жылына жұмыс жоспары талқыланып, бекітуге ұсынылды.