Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

Байланысқа шығу

Bilimland

 

Сандық білім беру ресурстарын оқу үдерісінде қолдану мақсатында облыстың барлық мектептері он-лайн, офф-лайн режимінде Bilimland.kz білім беру порталын пайдаланады. Бүгінгі күні порталда 9 066 пайдалаушы тіркелген.

2018 жылы bilimland.kz платформасы оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Химия» (7–11-сыныптар) және «Математика» (1–11-сыныптар) пәндері бойынша жаңа курстармен толықты. Курстар мазмұны жағынан ҚР-ның жаңартылған білім беру бағдарламасына сай және оны сабақ барысында 35 минут қолдану ұсынылады. Интерактивті ресурс оқушылардың оқу материалын ретімен түсінуіне мүмкіндік беретін өзара логикалық байланысы бар тақырыпшалардан тұрады.

Бұл сабақтардың ерекшелігі – оқушының интерактивті бейімділігін ерекшелей отырып оқытуды дербестендіру арқылы оқу материалдарын меңгеруде жоғары нәтижеге жету. Егер оқушы белгілі бір себептермен сабақта болмаса, ол өз бетінше оқиды, не болмаса сабақ материалын жақсы түсіну үшін сол сабақты үйде тағы бір рет қайталап, білімін бекіте алады.

bilimland.kz білім беру платформасы кез келген жастағы балаларды оқытуға арналған курстар топтамасын ұсынады:

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дайындық (620)

Кешен біртұтас және өзара байланысты әрі жүйелі курстардан тұрады. Ресурс оқыту мекемелерінде және жеке үй жағдайында оқытуға бағытталған.

Инклюзивті курс (90)

Мультимедиялық сандық кешен мүмкіндігі шектеулі балаларға танымдық- сауықтыру сабақтарын өткізуге арналған.

Бастауыш білім беру

Бастауыш математика (2547)

Оқулық бастауыш сыныптағы математика пәні бойынша барлық негізгі оқу материалдарын қамтыған.

Орта білім беру

Математика және жаратылыстану циклі

Математика (696), физика (582), химия (720) онлайн-курстары

Математика, физика и химияны оқытуға арналған бірегей интерактивті кешен. Халықаралық авторлар ұжымы, ғалым-әдіскерлер, тәжірибелі оқытушылар мен мамандар, сонымен қатар кәсіби білікті программистер мен аниматорлар жасаған онлайн-курс ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартына (МББС) сәйкес мектеп бағдарламасын толық қамтыған.

Виртуалды зертхана (163) курсы.

Колорадо Болдер университетінің (University of Colorado Boulder, АҚШ) инженерлері мен жетекші ғалымдары Математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша жасап шығарған заманауи электронды тренажерлар мен симуляторлардың бірегей топтамасы.

Виртуалды зертханада оқушы өз бетімен немесе мұғаліммен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік алады. Симуляторлар жиынтығы оқушылардың ынтасын оятып, алған білімін бір жүйеге келтіруіге септігін тигізеді. Сондай-ақ оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын дамытуда таптырмас көмекші құрал болады. Симуляторлардың бір бөлігін онлайн режімінде, ал екінші бөлімін флеш-жинаушыға немесе жергілікті компьютерге жүктеу арқылы пайдалануға болады.

Биология (1152), информатика (702), география (870), жаратылыстану (207), дүниетану (240) пәндері қамтылған онлайн-сабақтар .

Әр курс қарастырылатын пәннің негізгі тақырыптары бойынша толық интерактивті оқу материалдарын қамтиды.

Гуманитарлық цикл

Қазақ тілінің онлайн-курсы (179)

Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрететін оқыту бағдарламасы негізінде құрастырылған қазақ тілінің заманауи курсында интерактивті сабақтар, аудио-видео жазбалар мен анимациялар қамтылған.

Ағылшын тілінің онлайн-курсы (1683)

Заманауи ағылшын тілі курсы ағылшын тілін шет тілі ретінде үйрететін халықаралық бағдарлама негізінде құрастырлған сан алуан және ауқымды интерактивті дәрістерден тұрады.

Француз тілінің онлайн-курсы (187)

Заманауи, қызықты және әмбебап француз тілі курсы француз тілін меңгеруді жаңа бастаған және тілді білетін жасөспірімдерге арналған тиімді онлайн курс.

Неміс тілінің онлайн-курсы (117)

Заманауи, қызықты және әмбебап неміс тілі курсы тіл үйренуді енді бастаған балалар мен жасөспірімдерге, тілді білетін жалпы портал қолданушыларына арналады.

Қазақ әдебиетінің аудиохристоматиясы (1074)

Қазақ әдебиеті жауһарларының классикалық шығармаларын топтастырған бұл оқуы курсында қамтылған барлық аудиожазба ҚР-ның Білім министрлігі бекіткен мектеп бағдарламасына сәйкес құрылған.

Әлем әдебиеті (орыс тілінде) аудиохристоматиясы (446)

Бұл топтамаға әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары мен халық ауыз әдебиетінің аудиожазбалары енгізілген.

Видеотоптама (954)

Орташа ұзақтығы 5 минут болатын бұл видеотоптамада берілгенвидеосабақтарды тек оқыту ғана емес, тәрбие беру процесінде де пайдалануға болады. Сабаққа дайындалу барысында мұғалім алтын уақытын сабаққа қажетті материалдарды іздеуге кетірмей, видеотоптамада берілген дайын материалдарды оңай қолдана алады.

Дүниежүзі тарихы бойынша онлайн-сабақтар (465)

Әр курс қарастырылатын пәннің негізгі тақырыптары бойынша толық интерактивті оқу материалдарын қамтиды.

«Тау-кен ісі» курсы (464)

Курс болашақ инженерлерге арналған. Курста барлау, кен шыққан жерді талдау, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу, оларды алғашқы өңдеуден өткізу т.б. байланысты өзекті тақырыптар қамтылған.

«Ғимарат құрылысы және пайдалану» курсы (400)

Курс болашақ құрылысшыларға арналған. Курста құрылыс құрылымын таңдау, архитектура-құрылыс сызбаларын дайындау, жеңіл есептер шығаруға байланысты және тағы да басқа өзекті тақырыптар қамтылған.

Жағартылған білім беру бағдарламасына сәйкес курстар

Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін, дербес ойлауын және пәндерді сапалы түрде меңгеруін қамтамасыз ететін білім берудің жаңа, дамушы, салиқалы моделіне ауысу үшін оқушылар мен мұғалімдерге арналған интерактивті ресурстар әзірленді. Бұл курстардың барлығы қазақстандық білім берудің жаңартылған мазмұндағы бағдарламасына сәйкес құрылды.

Математика курсы (604) Қазақстанның алдыңғы қатарлы педагогтері мен әдіскерлері білім берудің жаңартылған бағдарламасының мазмұнына сай әзірлеген. Курс 1–6 сынып оқушыларына арналған және курс материалдарын сабақ барысында да, өз бетімен дербес өтетін сабақтарда да қолдануға болады.

Алгебра курсы (336) 7–11 сыныптардың оқушылары мен мұғалімдеріне арналған. Курсты еліміздің жетекші мамандары білім берудің жаңартылған бағдарламасының мазмұнына сай әзірлеген. Алгебра курсының сайтта берілген материалдарын сабақта қосымша оқу құралы ретінде де, өз бетімен дербес өтетін сабақта да қолдануға болады.

Геометрия курсы (316) 7–11 сыныптар аралығындағы оқушылар мен мұғалімдерге арналған. Бұл курсты Қазақстанның жетекші мамандары білім берудің жаңартылған бағдарламасының мазмұнына сай әзірлеген. Геометрия курсының сайтта берілген материалдарын сабақта қосымша оқу құралы ретінде де, өз бетімен дербес өтетін сабақта да қолдануға болады.

Бейімді оқыту курсында (Геометрия) (278) оқышының дербес қабілеті мен білімін дамытуға арналған сан алуан тапсырмалар берілген.

Химия курсы (480) (7–11-сыныптар) оқушыларға жаратылыстану-математика бағыттындағы пəндерді сапалы меңгертуге, ойлау дербестігі мен танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім берудің жаңа дамытушы, конструктивті үлгісіне ауысу үшін әзірленген интерактивті ресурс.

Дүниетану пәні (60) аясындағы Қазақстан тарихы компоненті оқушылардың таңғажайып әлемнің қызығына батуға жетелейді: оқушы алғашқы адамның өмірі жайлы, еңбек құралдары мен аң аулау әдістері туралы ақпарат алады. Курста видеоматериалдар, интерактивті тапсырмалар және карта қамтылған.

Орыс тілі (218)курсы орыс тілінде білім алатын 5–9-сыныптарға арналған. Курстың мақсаты – білім алушылардың жасы мен мүмкіндігіне сәйкес құрастырылған барлық анықтамалық ақпаратты біріктіру.

 

Қосымша ресурстар

iTest (70 000) – жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), қорытынды аттестаттау және Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындалуға арналған виртуалды жаттықтырғыш.

iMektep (170) – бастауыш мектеп бағдарламасы

Қазақстанның кәсіби әдіскерлері мен тәжірибелі мұғалімдері әзірлеген қазақ бастауыш мектебі бағдарламасының толық курсы.

Twig-Bilim (2469) – мектеп бағдарламасына енген химия, физика, биология, география, математика, жаратылыстану пәндеріне арналған қысқа (3 минуттық) қызықты фильмнен тұратын білім беру кешені.

Bilimland Kids (BilimKids) (234) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға бірдей мемлекеттік стандартына сәйкес келетін бірегей контент. Жобаның мақсатты аудиториясы – балабақша тәрбиешілері мен мектеп алды жастағы балалардың ата-аналары. Контент мемлекеттік тілде әзірленген, бұл курсты қазақ тілін үйрету құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
batys-adis@itc.edu.kz
Мекен жай:
090000, Орал қаласы,
Есқалиев көшесі, 72
Designed by TORUS.KZ