Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

«Бастамадан – нәтижеге дейін» Pitch cессияcы

               Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 3 мамыр күні Орал қаласы білім беру бөлімінің №50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК базасында «Бастамадан – нәтижеге дейін» тақырыбында pitch cессия іс-шарасы ұйымдастырылды.

            «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы жобасы аясындағы эксперимент алаңдарының тәжірибе алмасуы, педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру мен біліктіліктерін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараға облыстық интеллектуалдық дамыту зертханасының және жеке мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты. Барлығы – 109 педагог.

«Бастамадан – нәтижеге дейін» pitch cессия барысында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы», «Мектеп жасына дейінгі баланың дамуындағы жетекші қызмет түрі - ойын», «Табысқа жету жолы: шығармашылық қызметті  дамыту», «Педагогикалық технологиялардың бірі – денсаулық сақтау технологиялары», «Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі» тақырыптарындағы бес тәжірибелік алаңдарында 44 мектепке дейінгі ұйым өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Рitch cессия іс-шарасының соңында қатысушылар әр жұмысты  10 баллдық жүйемен бағалап, үздік жобаларды анықтады. Тәжірибелік алаңда іс-тәжірибесімен бөліскен мектепке дейінгі ұйымдарға сертификаттар табысталды.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
Batys-adis@itc.edu.kz
Мекенжайы:
090000, Орал қаласы,
Жұбан Молдағалиев көшесі 23
Designed by TORUS.KZ