Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

«Тиімді шешімдер тәжірибесі» oблыстық форумы

 

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Орал қаласы №50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында «Тиімді шешімдер тәжірибесі» тақырыбында облыстық Форум өтуде.

 

Форумға аудандық облыстық әдістемелік орталығының, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері жанынан құрылған 14 мобильді топтардың құрамы қатысуда.

Форумның мақсаты: мобильді топтар жұмысының тиімділігін анықтау және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.

Бугінгі күні ақпараттандыру алаңында нормативті-құқықтық сүйемелдеу бойынша «Білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу», «Педагог» кәсіптік стандарты», «Мемлекеттік аттестациялау: білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстанудағы жүргізілетін құжаттар», «Заттық-дамытушы орта – балаларды әлеуметтендіру негізі», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі жұмыстардың жүзеге асырылуы», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету» тақырыптарында баяндамалар жасалып, мобильді топтардың әдістемелік көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын айқындап берді. Форум қатысушыларынан түскен сұрақтарға толығымен жауап беріліп, ұсыныстар қабылданды.

 Форумның екінші күні тәжірибе алмасу алаңымен жалғасын тапты. Тәжірибелі педагогтерден құрылған мобильді топтар «Кел танысайық», «Әр істің нәтижеге бағытталуы», «Шеберлікке шектеу жоқ», «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» бөлімдері бойынша атқарылған жұмыс есебімен, 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстырып, педагогтермен жұмыс барысында қолданатын түрлі әдіс-тәсілдер, жаңа инновациялық технологиялар мен құнды идеяларын ұсынып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.

Форум қорытындысында мобильді топтар қызметінің мақсат міндеттері белгіленіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды. «Ашық микрофон» алаңында қатысушылар пікір алмасып, шара бойынша әсерлерімен бөлісті.

 

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
Batys-adis@itc.edu.kz
Мекенжайы:
090000, Орал қаласы,
Жұбан Молдағалиев көшесі 23
Designed by TORUS.KZ