«Collaboration» мобильді топтар жобасы аясындағы шаралар
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Әркімге қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру Жол картасын орындау шеңберінде Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 мамыр күні Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында «Шеберлік шыңы» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберханасы оздырылды.
Семинарға облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер жанынан тәжірибелі педагогтерден құрылған «COLLABORATION» жобасына қатысушы мобильді топтар қатысты. Барлығы 70 педагог.
Іс-шара барысында Теректі ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлігін дамыту мақсатында тәжірибелерінде қолданып жүрген жұмыстарын таныстырды. Әр мектепке дейінгі ұйым түрлі шеберлік сыныптар, танымдық, интеллектуалдық ойындар, ата-анамен жұмыс, ойындар шеруін, шығармашылық шеберханасын қатысушылармен ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар мен тілектер түрінде кері байланыс жасалды.






