Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

«МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ-ӘДІСКЕР» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 25 қарашасы күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының әдіскерлері арасында «Менің ұстанымым-әдіскер» атты облыстық байқауы оздырылды.

Әдіскерлердің кәсіби құзырлылығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру және педагогикалық шеберлігін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 11 әдіскері қатысты.

Байқау ІІ бөлім бойынша өткізілді, І-ші бөлімінде «Әдіскер портфолиосы», «Қазіргі әдістемелік қызмет» бағыттары бойынша қатысушылардың портфолиолары мен әдістемелік шарасы жазылған бейроликтері сарапталды, онлайн тәртібінде өткен ІІ-ші бөлімінде «Мен – әдіскермін...», «Ізденіс. Шығармашылық. Нәтиже», «Әдістемелік ринг» бағыттары бойынша қатысушылар өздерін таныстырып, жоба қорғап, сұрақтарға жауап беріп өз өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша І орынды – Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайының әдіскері А.Саматов, ІІ орынды – Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері А.Рахметова, ІІІ орынды -    Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері А.Сарсенова иеленді.

Ерекше шығармашылықтарымен көзге түскен Қаратөбе ауданы «Айгөлек» бөбекжайының әдіскері А.Науқанов «Креативті тұлға»,  Бөрлі ауданы №2 бөбекжайының әдіскері Г.Сартаева «Үздік әдістемелік шара» номинацияларымен марапатталды.

Байқау қатысушыларына Білім беруді дамыту орталығының Диплом, Грамота, қатысушы Сертификаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

 

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
Batys-adis@itc.edu.kz
Мекенжайы:
090000, Орал қаласы,
Жұбан Молдағалиев көшесі 23
Designed by TORUS.KZ