Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫ - ҮЗДІКСІЗ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ» СЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы - үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі»  секциялық жұмысы 2021 жылдың 13 тамызы күні онлайн тәртібінде ZOOM қосымшасы арқылы өткізілді.

Мақсаты:

  • Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау;
  • педагогтердің жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру;
  • қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

Фестиваль жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің өзін-өзі тану пәні әдіскерлері, базалық және пилоттық білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары, жалпы білім беретін ұйымдардың өзін-өзі тану пәні мұғалімдері. Барлығы 300 педагог.

Секциялық жұмысы барысында облыстық білім беруді дамыту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру және шағын жинақты мектеп бөлімінің басшысы А.Бексултанова алғы сөзбен ашты.
Орал қаласы АҮДҰИ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.Арыстанова жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзін-өзі тануды оқытуға педагогтердің практикалық дайындығын қамтамасыз ету, сабақтың құрылымын, сабақ жоспарын дайындаудың ерекшеліктері, рухани-адамгершілік білім беру аясындағы білімді кеңейту және тереңдету сұрақтары талқыланды.

Орал қаласы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А.Нәсіпқалиева «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін қолдау, өзара сыйласу және түсінісу тренингін өткізді.

Бөрлі ауданы Жарсуат ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Г.Бикеева ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз керектігі айтылды.

С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММИ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі З.Мағзомова жас ұрпақты ата-бабамыздың ұлттық құндылықтарымен сусындату, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы ұлттық тұлғаны қалыптастыру туралы баяндама жасады.

Ақжайық ауданы Тайпақ мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі А.Бірлесова оқушыларға өзін-өзі тану пәніндегі шығармашылық жұмыстарды тиімді ұсыну жолдарын баяндады.

Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Д.Жұмашева жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзін-өзі тану сабағының құрылымымен таныстырды.

Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі А.Рахметова өзін-өзі тану пәнін Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы ұлттық құндылықтарды дарытудың тиімділігі туралы баяндама жасады.

Секциялық жұмыс барысында педагогтер «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызды және өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде педагогтердің одан әрі жұмысы бойынша ұсынымдар қабылдады.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
Batys-adis@itc.edu.kz
Мекенжайы:
090000, Орал қаласы,
Жұбан Молдағалиев көшесі 23
Designed by TORUS.KZ