Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

Облыстық «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауы

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің облыстық «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауы оздырылды.

Байқауға аудан (қала) мектептерінен 13 педагог қатысты.

Байқаудың мақсаты: «Өзін -өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, педагог еңбегінің беделін арттыру және қолдау.

Байқау қорытындысы бойынша  келесі жеңімпаздар анықталды:

І орын - Орал қаласы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Давлетова  Слубике  Мурзагереевна;

ІІ орын – Бәйтерек ауданы Абай мектеп - гимназия - интернатының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ситказиева Гульфайрус Максутовна;

ІІІ орын - Сырым ауданы Бұлан мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кажмуратова Гулзира Гадилшиевна;

«Жаңалыққа жаны құмар» аталымы - Шыңғырлау ауданы Тасмола жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кабидуллиева Галия Айткалиевна;

«Шығармашыл ұстаз» аталымы - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Дакишева Айнагуль Наримановна.

Байқау жеңімпаздары дипломдар және грамотамен марапатталды.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
Batys-adis@itc.edu.kz
Мекенжайы:
090000, Орал қаласы,
Жұбан Молдағалиев көшесі 23
Designed by TORUS.KZ