Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» жеңімпазын Құттықтаймыз!

Мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауына Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы білім беру бөлімінің №30 «Гүлдер» бөбекжайының әдіскері Туресаева Венера Булатовна қатысып, байқау қорытындысы бойынша «Жаңашыл әдіскер» номинациясын иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!!!

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронная почта:
Batys-adis@itc.edu.kz
Адрес:
090000, г. Уральск,
ул. Жубана Молдагалиева 23
Designed by TORUS.KZ