Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

«МOBILESTAR» облыстық байқауы

 

Батыс Қазақстан облысы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 қараша күні Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы МКҚК базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында мобильді топтардың әдістемелік, шығармашылық және инновациялық жұмыстарын жетілдіру, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында «MobilеSTAR» байқауы өткізілді.

 

 

Байқауға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері жанынан құрылған         13 мобильді топтардың құрамы қатысты.

Тәжірибелі педагогтерден құрылған мобильді топтар «Жұлдызды таныстыру», «Инновация айнасы», «Шабыт шақтары» турлары бойынша бақ сынасты.

Байқау барысында топтар  «Жұлдызды таныстыру» турында өздерін ерекше әрі шығармашылықпен таныстырып, топтың бірегейлігі мен ерекшелігін көрсете білді. «Инновация айнасы» турында өздерінің тәжірибелерін, заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жаңа идеяларын ұсынды. «Шабыт шақтары» турында педагогтермен байланыс орнату шеберліктерін таныстырды. Осындай кезеңдер арқылы әр топ өздерін жан-жақты танытып, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік алды. Байқау педагогтердің кәсіби біліктілігін дамытып, қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқылы білім беру үдерісіне жаңа леп әкелуге ниет білдіреді.

Байқау соңында барлық мобильді топтар іс-шараның нәтижелері бойынша номинацияларға ие болып, Әдістемелік орталықтың Грамоталарымен марапатталды.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронная почта:
Batys-adis@itc.edu.kz
Адрес:
090000, г. Уральск,
ул. Жубана Молдагалиева 23
Designed by TORUS.KZ