«COLLABORATION» МОБИЛЬДІ ТОПТАР ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Әркімге қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру Жол картасын орындау шеңберінде Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 наурыз күні Орал қаласы Балалар шығармашылық орталығы базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында «Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында облыстық семинар оздырылды.
Семинарға облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер жанынан тәжірибелі педагогтерден құрылған «COLLABORATION» жобасына қатысушы мобильді топтар, жеке МдҰ, шағын орталық, мектепалды сынып педагогтері қатысты. Барлығы 212 педагог.
Семинардың мақсаты: өскелен ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.
Іс-шара барысында Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының 6 желілік қауымдастығы мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық құндылықтарымызды бойларына қалыптастыру, өз еліне, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында тәжірибелерінде қолданып жүрген жұмыстарын таныстырды. Әр желілік қауымдастық түрлі шеберлік сыныптар, танымдық, интеллектуалдық ойындар, ата-анамен жұмыс, ұлттық ойындар шеруін, шығармашылық шеберханасын, ұлттық ойындар қоржынын, жас аналар байқауын қатысушылармен ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар мен тілектер түрінде кері байланыс жасалды. Желілік қауымдастықтар Білім беруді дамыту орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.






