Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы педагогтерінің облыстық тамыз кеңесінің секциялық жұмысы

 

2024 жылдың 15 тамыз күні Орал қаласы білім беру бөлімінің №42 «Ақниет» гимназия базасында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында «Тәжірибе. Инновация. Нәтиже» облыстық тамыз кеңесінің секциялық жұмысы ұйымдастырылды.

 

Секциялық жұмысқа аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Мобильді бірлестік» қауымдастығының мүшелері, Құзыреттілік орталығы мен «Өсу нүктелері» болып белгіленген МдҰ педагогтері, МдҰ, ШО, МББК, МАС әдіскерлері, тәрбиешілері, педагогтері қатысты. Барлығы – 160 педагог.

  Жұмыс барысында қатысушылар «Балабақша – технологиялық бастамалар аумағы» интерактивті көрмесін тамашалап, «Цифрлық балабақша: негізгі тәсілдер, мәселелер және даму болашағы»,  «Цифрлық білім беру ортасын құру - мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын көтеру», «Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудегі цифрлық технологиялар» секцияларында үздік тәжірибелерімен бөлісіп, білім беруді цифрландыру саласындағы инновациялық идеяларын ұсынды.

«MARS ROBOTICS» робототехника және инженерия мектебінің негізін қалаушысы Мақсот Марс Мавлетұлы қатысып, «Білім берудің цифрлық трансформациясы: STEAM әлеміндегі балалар мен педагогтерге арналған оқу платформалары» тақырыбы бойынша таныстырылымын жасады.

Секция қорытындысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныстар қабылданды.  Тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге Алғыс хаттар мен Сертификаттар табысталды.

 

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронная почта:
Batys-adis@itc.edu.kz
Адрес:
090000, г. Уральск,
ул. Жубана Молдагалиева 23
Designed by TORUS.KZ