Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

«Тарихи полилог», «Лингвист» озат тәжірибе алмасу мектебі онлайн режимінде оздырылды

Ағымдағы жылдың  13-16 қазан күндері аралығында Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес педагогтердің кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, біліктілігін көтеру және табысты педагогикалық тәжірибе мен жаңашыл идеяларды насихаттау мақсатында «Тарихи полилог», «Лингвист» озат тәжірибе алмасу мектебі онлайн режимінде оздырылды. Вебинарға 130 мұғалім қатысты.

Шара барысында Шыңғырлау ауданының мұғалімі  И.Сапашева, Орал қаласының Білім және Инновация лицейінің мұғалімі А.Нуртазина, №41 мектеп-лицейінің мұғалімі Э. Орынбасарова, Сырым ауданы Қ. Мырзалиев атындағы мектеп мұғалімі М.Арыстанов, №46 ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі Ж.Хамзин, ағылшын тілі пәні бойынша  Алматы қаласынан Macmillan Education әдіскері А.Есенова, Орал қаласы №17 ЖОББМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі И.Обезьянова,  Білім және Инновация лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Гатауова, Орал қаласы Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімдері Б.Құспанова, Ж.Нұрмақова және қазақ тілі, орыс тілі пәнінің де мұғалімдері  өздерінің  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар барысында пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізу ережесі мен  «Онлайн Мектеп» платформасында ТЖБ құру  кезіндегі мұғалімнің әрекеттеріне де тоқталды.

Preparation for SA during the distance learning

Modern methods and approaches in learning English

Қашықтықтан білім берудегі GOOGLE платформасының мүмкіндіктері

Қазақ  тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонент тақырыптарын жүзеге асыру жолдары

ЕРЖАНОВА ГУЛЬМИРА ТЕМИРГАЛИЕВНА

Қашықтықтан оқыту «БІЛІМ-ИНННОВАЦИЯ» лицейінде

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронная почта:
Batys-adis@itc.edu.kz
Адрес:
090000, г. Уральск,
ул. Жубана Молдагалиева 23
Designed by TORUS.KZ