Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

Математика әдістемелік алаңы

Білім  беруді дамыту орталығының ұйымдастырулымен   2021 жылдың 5 тамыз күні «Білім берудегі өзгеріс: жаңашылдыққа бетбұрыс және  іс-әрекет» атты облыстық тамыз кеңесі аясында математика пәні мұғалімдеріне педагогтердің кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, біліктілігін көтеру мен жаңашыл идеяларды насихаттау мақсатында  «Заманауи білім беру кеңістігіндегі математика пәні: өзекті мәселелер мен оқыту әдістері» секциялық жұмысы өтті.

Әдістемелік алаң жұмысында спикерлер: Алматы қаласы «EduCon» компаниясы, Нұр – Сұлтан қаласы «Зерделі Ақыл-ой дамыту» мектебі, Батыс Қазақстан облысы аудандық, облыстық математика пәні мұғалімдері мен  TOPIQ цифрлық оқулықтар платформасы туралы ақпараттар беріп, оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстары және олимпиадаға әзірлеудің әдіс-тәсілдерімен ой бөлісті.

Семинар соңында ұсынбалар қабылданды.

Семинарға барлығы – 300 адам қатысты.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронная почта:
Batys-adis@itc.edu.kz
Адрес:
090000, г. Уральск,
ул. Жубана Молдагалиева 23
Designed by TORUS.KZ