Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер

2025-2026 оқу жылында МДҰ мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу білім беру процесін жүзеге асыруда келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары

Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері

Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар

«Үздік педагог» атағын беру қағидалары

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Педагогтік қайта даярлау қағидалары

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, 6 орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

Әдістемелік қолдау


Байқаулар - 2022

Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері-2022

Әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, №48«Мұрагер» бөбекжайының әдіскері Сабирова Шолпан Шамұратқызының жұмысы жолданып, байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауының Республикалық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балаларды Ерте Дамыту Институты (@w7dzcqry8m3)

Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы-2022

Мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мүмкіндігін беру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайының логопеді Латыпова Нұрсұлу Нұрлыбайқызы қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы

Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы-2022

Тәрбие-білім беру процесінде көркемдік-эстетикалық бағытты дәстүрлі емес сурет салу техникасы арқылы дамыту, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған байқаудың республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Ақбөпе» бөбекжайының бейнелеу өнерінің педагогі Сапаров Ахмет Гайдарұлының жұмысы жолданып, байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 2 орынды иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балаларды Ерте Дамыту Институты (@w7dzcqry8m3)


Байқаулар - 2023

«Мен зерттеушімін» республикалық байқауы

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, қарапайым экологиялық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Мен зерттеушімін» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

«Жас эколог» номинациясын - Ақжайық ауданы «Ақбота» балабақшасы,

«Креативті жұмыс» номинациясын - Тасқала ауданы «Ақбөпе» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балаларды Ерте Дамыту Институты (@w7dzcqry8m3)

«Балаларға базарлық» республикалық байқауы

Балалардың көркем әдебиетімен танысу, педагогтің оқуы, шығармаларды қайталау, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында кітап бұрышын ұйымдастыру бойынша ұйымдастырылған байқаудың республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Ақбота»  және Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайларының жұмыстары  жолданып, байқаудың қорытындысы бойынша:

1) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Ақбота» бөбекжайы - «Үздік мобильді кітапхана»;

2) Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайы -  «Білгір бала, білімді ата-ана» номинацияларын иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Кітап бұрышын ұйымдастыру бойынша «Балаларға базарлық» республикалық байқауының қорытындылары туралы ақпарат

«Шымырлық пен шеберлік күні» республикалық байқауы!

Қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық ойындарымен таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауының республикалық кезеңіне «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» қолөнер туындыларын әзірлеу бойынша Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жақсыбай негізгі орта мектебінің жұмысы  жолданып, байқаудың қорытындысы бойынша І орынды иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

 

«Ана, әже және мен» республикалық байқауы

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату, балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған байқаудың республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Ақбөпе» және Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайларының жұмыстары  жолданып, байқаудың қорытындысы бойынша:

1) Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Ақбөпе» бөбекжайы -  «Үздік ұйымдастырылған шара»;

2) Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайы - «Өнегелі әже, тәрбиелі немере»  номинацияларын иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анам, әжем және мен» республикалық байқауының қорытындылары туралы ақпарат


Байқаулар - 2024

Алғыс айту күніне арналған «барлығына рақмет» челленджі

Өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, ересектерге құрмет және бір-біріне деген достық сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында өткізілген «Барлығына рақмет» челленджінің қорытындысы бойынша:

«Бейнероликке ең көп комментарий жинаған аккаунт» номинациясын - Орал қаласы №33 жалпы білім беретін орта мектебі (мектепалды сыныбы);

«Бейнероликке ең көп қаралым жинаған аккаунт» номинациясын – Орал қаласы №2 «Шағала» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Мектеп жасына дейінгі барлық этностағы балалар мен олардың атааналарының қатысуымен Алғыс айту күніне арналған «Барлығына рақмет» челленджінің өткізілуі туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі ұйымға арналған Үздік дамытушы бағдарлама» республикалық байқауы

Қазіргі жағдайда республиканың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің үздік дамытушы авторлық, вариативтік бағдарламаларын анықтау, жалпылау және тарату мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» байқауына Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы білім беру бөлімінің №34 «Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері Елешова Алмаш Исламбекқызы қатысып, байқау қорытындысы бойынша «Зияткерлік даму бағдарламасы» номинациясын иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!!!

«Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» республикалық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Ханталапай» республикалық байқауы

Әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында «Ханталапай» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

1 орын - Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайы, жетекшілері Мендигалиева А., Қайрекешова З.;

3 орын – Орал қаласы №47 «Бәйтерек» бөбекжайы, жетекшілері Аюпов Е., Аязбаева Н. иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқауы

 

Балалар арасында сәндік-қолданбалы шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру және танымал ету, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

1 орын - Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайы, жетекшілері А.Аманжолқызы, Э.К.Кыдыргожина;

«Үздік композициялық шешім» – Қаратөбе ауданы Шөптікөл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені, жетекшісі Кадыргожина А. иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар республикалық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Ғарышкерлер күні» республикалық байқауы

Мектеп жасына  дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында «Ғарышкерлер күні» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

«Мен ойлаған ғарыш әлемі»» номинациясын - Сырым ауданы «Балдырған» бөбекжайы;

«Ғарыштың таңғажайып әлемі» номинациясын – Теректі ауданы «Ақбота» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

«Ғарышкерлер күні» республикалық сурет салу байқауын өткізу туралы ақпарат

«Әжем, анам және мен» республикалық байқауы

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру және қызметін кеңейту бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында «Әжем, анам және мен» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

«Үздік аналар мектебі» номинациясын - Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» республикалық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Қазақшаң қалай, балақай?» Республикалық байқауы

Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретудің озат тәжірибесі мен заманауи инновациялық әдістерін жинақтау және тарату мақсатында өткізілген «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

«Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті» номинациясын – Орал қаласы №8 «Арай» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Қазақшаң қалай, балақай?» байқауының қорытындысы туралы ақпарат

«Менің елім – менің бақытты балалық шағым» Республикалық байқауы

Балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында «Менің Елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

«Үздік композиция» номинациясын - Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің Елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Менің қауіпсіз әлемім» Республикалық байқауы

Балаларды өзінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы, жауапты қарауға үйрету, қауіпті жағдайларда жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Менің қауіпсіз әлемім» республикалық бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша:

«Үздік бейнероликтер» номинациясын - Сырым ауданы «Балдырған» балабақшасы мен Абай «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

«МЕНIҢ ҚАУІПСІЗ ӘЛЕМІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Өнерім саған-қазақстан!» Республикалық фестивалі

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық өнер құралдары арқылы халық шығармашылығының түрлерімен таныстыру мақсатында өткізілген «Өнерім саған-Қазақстан!» республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша:

«Үздік би композициясы»» номинациясын – Орал қаласы №38 «Жазира» бөбекжайы;

«Үздік орындаушы» номинациясын - Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайы;

«Үздік мәнерлеп оқу» номинациясын - Бөрлі ауданы №3 «Гүлдер» бөбекжайы иеленді.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

«Өнеріміз саған-Қазақстан!» фестивалін өткізу туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері»

Мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауына Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы білім беру бөлімінің №30 «Гүлдер» бөбекжайының әдіскері Туресаева Венера Булатовна қатысып, байқау қорытындысы бойынша «Жаңашыл әдіскер» номинациясын иеленді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!!!


 Байқаулар 2025

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің озық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында 2025 жылдың 11 қыркүйек күні «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» облыстық байқауы оздырылды.

Байқауға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары қатысып, барлығы 11 әдіскер бақ сынады.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – А.Т.Арышева, Орал қаласы №9 «Еркемай» бөбекжайы МКҚК;

І орын – Н.Қ.Айіпова, Бөкей ордасы ауданы «Ақбота» бөбекжайы МКҚК;

ІІ орын – І.А.Габдушева, Сырым ауданы Абай «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;

ІІІ орын – А.Т.Иманғазиева, Казталов ауданы «Ертегі» бөбекжайы МКҚК;

ІІІ орын – А.Е.Макашова, Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайы МКҚК;

«Іскер әдіскер» номинациясы – А.Е.Утешева, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайы МКҚК;

«Іскер әдіскер» номинациясы – А.И.Урынбаева, Бөрлі ауданы №4 «Айгөлек» бөбекжайы МКҚК;

«Жаңашыл әдіскер» номинациясы – Г.К.Губашева, Ақжайық ауданы «Бөбек» бөбекжайы МКҚК;

«Креативті әдіскер» номинациясы – А.Б.Кулумжанова, Шыңғырлау ауданы

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК;

«Көшбасшы әдіскер» номинациясы – А.Аманжолқызы, Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайы МКҚК;

«Көшбасшы әдіскер» номинациясы – Г.А.Аткеева, Теректі ауданы «Ақбота» бөбекжайы МКҚК иеленді.

Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының диплом, грамота және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

https://www.facebook.com/reel/1123812916526493 

«MobilеSTAR» байқауы

Батыс Қазақстан облысы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 14 қараша күні «COLLABORATION» мобильді топтардың әдістемелік, шығармашылық және инновациялық жұмыстарын жетілдіру, педагогтердің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында «MobilеSTAR» байқауы өткізілді.

Байқауға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері жанынан құрылған 13 мобильді топтың құрамы қатысты. Тәжірибелі педагогтерден құрылған мобильді топтар «Best Practice Panorama», «Fast Quiz» турлары бойынша бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы мобильді топтардың жұмыс мазмұнының бірізділігі, идеялардың ерекшелігі, презентация сапасы, шығармашылық ұсыну формасы және командалық үйлесімділік сияқты көрсеткіштер арқылы бағалады. Мобильді топтар арасындағы байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Орал қаласы (бөбекжай, балабақша бойынша) «Педагогикалық ASAR» мобильді тобы;

І орын – Қаратөбе ауданы «24/7» мобильді тобы;

ІІ орын – Ақжайық ауданы «Mobildi Gide» мобильді тобы;

ІІ орын – Орал қаласы (шағын орталық, мектепалды сыныбы бойынша) «САМҒАУ PULS» мобильді тобы;

ІІІ орын – Теректі ауданы «Зерде» мобильді тобы;

ІІІ орын – Сырым ауданы «SYRYM COLLABORATION» мобильді тобы;

«Цифрлық серпін» номинациясы – Тасқала ауданы «Emergency team» мобильді тобы;

«Әдістемелік қолдаудың үздік панорамасы» номинациясы – Шыңғырлау ауданы «Ментворкинг» мобильді тобы;

«Шығармашылық импульс» номинациясы – Бөрлі ауданы «Бестік күш» мобильді тобы;

«Креативті қадам» номинациясы – Бөкей ордасы ауданы «Қазына» мобильді тобы;

«Креативті презентация» номинациясы – Жәнібек ауданы «The Best» мобильді тобы;

«Логикалық ойлау» номинациясы – Бәйтерек ауданы «Болашақ» мобильді тобы.

Іс-шара соңында жеңімпаз және жүлдегер командалар марапатталып, қатысушыларға Әдістемелік орталықтың диплом, грамоталары табысталды.

Байқау педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандырып, облыс көлемінде әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етті.

https://www.facebook.com/reel/1757585518281777 


Іс-шаралар - 2022

«Креативтілік. Шығармашылық. Инновация» Шығармашылық аукционы

Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 25 қарашасында Орал қаласы №38 «Жазира» бөбекжайы базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалық-ізденушілік әдістерді тиімді қолдануда үздік тәжірибені анықтау, озық жобалық жұмыстарды кеңінен насихаттау және тарату, кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал ету мақсатында «КРЕАТИВТІЛІК. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ИННОВАЦИЯ» тақырыбында шығармашылық аукционы ұйымдастырылды. Аукционға 11 педагог қатысты.

Шығармашылық аукционға ұсынған педагогтердің жобаларын көрермендер бағалау парақтарына бағалап, электронды Google кестесіне толтырып, қорытындысында жинаған ұпайларына сәйкес жеңімпаздар анықталды:

І орын – «Макулатураны тапсырыңыз – ағашты сақтаңыз!» жобасы, Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Тойлыбаева Каламкас Шалькибековна;

ІІ орын - «Сурет салуда дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер мен Триз инновациялық технологиясын қолдану» жобасы, Сырым ауданы «Балдырған» бөбекжайының сурет салу пәнінің мұғалімі Тулекова Венера Муратовна;

ІІІ орын – «Әжемнің асыл мұрасы» жобасы, Қаратөбе ауданы Шөптікөл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің тәрбиешісі Кадыргожина Айгул Жетпискалиевна;

«Үздік инновациялық жоба» номинациясы - «Ойын – ой өсіреді» жобасы, Теректі ауданы Социализм негізгі орта мектебінің мектепалды сыныбының тәрбиешісі Уразгалиева Айгүл Тыныштыбайқызы;

«Креативті жобалық жұмыс» номинациясы - «Деркөл өзенінің экологиясы» жобасы, Орал қаласы №32 «Колокольчик» бөбекжайының әдіскері Жанабаева Жанар Танжарбаевна.

Жеңімпаздар Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының Диплом, Грамота және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы инновациялық трендтер»

2022 жылдың 28 қазанындаБілім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Орал қаласы білім беру бөлімінің №47 «Бәйтерек» бөбекжайы МКҚК базасында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы инновациялық трендтер»тақырыбыменоблыстық семинар ұйымдастырылды.

«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы жобасы аясындағы эксперимент алаңдарының және Орал қаласының білім беру бөлімі, мектепке дейінгі ұйым желілік қауымдастықтарының тәжірибе алмасуы, педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру мен біліктіліктерін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық интеллектуалдық дамыту зертханасына жауапты педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері,әдіскерлері, тәрбиешілеріқатысты. Барлығы - 44 педагог.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы инновациялық трендтер» тақырыбындағы облыстық семинарбөбекжай бүлдіршіндері мен «Көңіл ашар» ансамблініңсазды сәлемдемесімен басталды.

Семинар барысында «Арай», «Арман», «Бастау», «Бірлік», «Өрлеу», «Парасат» қалалық мектепке дейінгі ұйымдар желілік қауымдастықтарының және облыстық интеллектуалдық дамыту зертханасының педагогтері өз жұмыстарын шеберлік сыныптар арқылы көрсетті. Шеберлік сыныптар соңында қатысушылар интеллектуалдық дамыту зертханасының жұмысын дамыту бағытында өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісіп, оң бағасын берді.

Семинар музыка жетекшілерінің орындауындағы «Арнау» әнімен  аяқталды.

«Әдістемелік қолдау педагогтің кәсіби өсуінің ресурсы ретінде» облыстық съезі

⚜️2022 жылдың 10 наурызында Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы №50 «Заңғар» бөбекжай базысында «Әдістемелік қолдау педагогтің кәсіби өсуінің ресурсы ретінде» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің облыстық съезі өтті.

⚜️Съездің негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру болып табылады.

⚜️ шараға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, (мемлекеттік, жеке) мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

⚜️Съезд барысында бөбекжай бүлдіршіндері сазды сәлемдемесін жолдаса, Білім басқармасы басшысының орынбасары С.Темірғалиева алғы сөз алып, қатысушыларға шараның сәтті өтуіне тілегін білдірді.

⚜️Шараның ақпараттық аланыңда Көкшетау қаласында өткен «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістері, мәселелері, келешегі» тақырыбындағы Республикалық съезд қатысушыларына сөз беріліп съезд туралы ақпараттарын ұсынды.

⚜️«Мектепке дейнгі ұйымды мемлекеттік аттестациялау:өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру мен анықтаманың жазылу тәртібі» тақырыбында  Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Н.Ғұмарова, «Ұлттық білім беру деректер қоры: нұсқаулық және толтыруы» Ақжайық ауданы «Балбөбек» бөбекжайының әдіскері С.Сиражева, «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психолог жұмысының ұйымдастырылуы» Орал қаласы №17 «Родничок» бөбекжайының педагог-психологі  С.Хайруллина, «Заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыруға  қойылатын талаптар» Орал қаласы №50 «Заңғар» бөбекжайының әдіскері А.Зулкашева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, баяндама жасады.

⚜️Съезд қатысушыларын тәжірбие алмасу алаңдарына бөліп, «Интеллектуалдық ойын көрінісі – робототехниканың мүмкіндігін қолдану», «Асық - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту құралы», «Балалардың дене қимылын дамытуда дәстүрлі емес  құралдарды қолдану», «Ойын – баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы», «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда Марблс тастарын дәстүрлі емес ойын әдістерінің бірі ретінде қолдану», «Мектеп жасына дейінгі  білім беру үдерісіне 4К моделін тиімді кіріктіру жолдары», «Смарт мақсат – нақты нәтиже», «Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жүйесін әдістемелелік тұрғыдан бақылау және басшылық ету», «Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты ұйымдастыру» тақырыптарында коучинг, шеберлік сыныптары өткізілді. 

⚜️Съезд жұмысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастығы және басқа да мәселелер жан-жақты талқыланды.

⚜️Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің съезд жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу.

2. Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік аттестациядан өту бағытындағы дайындық жұмыстарын жүргізуді,  өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру мен анықтаманың жазылу тәртібінің сақталуын  қатаң басшылыққа алу.

3. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыстарын жүйелі жүргізуді қадағалау.

4. Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

5. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды кеңінен қолдану.

⚜️ Шара соңыңда қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейтесті сауалдарына жауап алып, ұсыныстарын жеткізді.

⚜️ Әдістемелік шара аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен жалғасын табады.


Іс-шаралар - 2023

Біліктілікті арттыру курсы педагогтерге жаңа серпіліс берді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 22-31 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы онкүндік жұмысын аяқтады.

Курс аясында тыңдаушылардың теориялық, психологиялық білімдері кеңейіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясындағы кәсіби даярлықтары артты. Практикалық бағытта Орал қаласының №48 «Мұрагер», №49 «Ақниет», №35 «Шұғыла», №39 «Салтанат» бөбекжайлары өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогтерге кіріктірілген ұйымдастырылған іс әрекеттерін, танымдық, интеллектуалдық ойындарын, инновациялық, зияткерлік жобаларын, бақылау жұмыстарын, шеберлік сыныптарын, ата-аналарымен ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарын көрсетті.

Курс соңында тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында жоба жұмыстары қорғалып, тест тапсырмалары орындалды.

Біліктілікті арттыру курсына облыс бойынша 100 педагог қатысты.

Аймақтық форсайт кездесу шеңберіндегі «экоsteam ғажайыптары» семинар-практикумы

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18 мамыр күні жас ұрпақты қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту, білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілген «EСOBATYS: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР НАВИГАТОРЫ» аймақтық форсайт кездесу шеңберінде Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы базасында «ЭКОSTEAM ғажайыптары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының педагогтері қатысты.

Семинар «Өнерлі балақай!» бүлдіршіндердің сазды сәлемдемесімен ашылып, «Жаңа модельге бағытталған жаңа бастамалар» бөбекжай жұмысының таныстыруымен жалғасты. Семинар барысында «Әкенің тәрбиесі – балаға 100 жылдық азық» «Кемеңгер әкелер» клубының жұмысы, «Жер-ортақ үйіміз!», «Жас эколог сақшылары», «STEAM зертханасының ғажайыптары», «Бау-бақша - береке бастауы» танымдық кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттері, «Кішкентай зерттеушілер» жобасы аясында зерттеу жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, «Робототехника әлемінде», «Жануарлар әлемінде», «EСO Package – шығармашылыққа жаңа көзқарас», «Кәсіби өсу мектебі», «Балабақшада инновациялық-экологиялық жоба», «Маленький Эко-герой нашего большого города» жобалары аясында шеберлік-сыныптары, «Метеоаймақта қызықты бақылау» бақылау жұмысы көрсетіліп, қатысушылар өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Практикум соңында «Бөбекжайға 10 жыл» бөбекжай саябағына тал отырғызылып, өткізілген шараға оң баға берілді.

«Бастамадан – нәтижеге дейін» Pitch cессияcы

Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 3 мамыр күні Орал қаласы білім беру бөлімінің №50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК базасында «Бастамадан – нәтижеге дейін» тақырыбында pitch cессия іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы жобасы аясындағы эксперимент алаңдарының тәжірибе алмасуы, педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру мен біліктіліктерін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараға облыстық интеллектуалдық дамыту зертханасының және жеке мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты. Барлығы – 109 педагог.

«Бастамадан – нәтижеге дейін» pitch cессия барысында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы», «Мектеп жасына дейінгі баланың дамуындағы жетекші қызмет түрі - ойын», «Табысқа жету жолы: шығармашылық қызметті дамыту», «Педагогикалық технологиялардың бірі – денсаулық сақтау технологиялары», «Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі» тақырыптарындағы бес тәжірибелік алаңдарында 44 мектепке дейінгі ұйым өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Рitch cессия іс-шарасының соңында қатысушылар әр жұмысты 10 баллдық жүйемен бағалап, үздік жобаларды анықтады. Тәжірибелік алаңда іс-тәжірибесімен бөліскен мектепке дейінгі ұйымдарға сертификаттар табысталды.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын сапалы жаңартудың қадамдары» облыстық семинары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңын құру масатында Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 2-3 ақпан күндері Орал қаласы «Хиуаз Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын сапалы жаңартудың қадамдары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинарға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы бойынша әдіскерлері, (мемлекеттік, жеке) мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, «мектеп-балабақша-бөбекжай» кешендері, шағын орталық және мектепалды сынып педагогтері қатысты.

Семинар барысында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева алғы сөз алып, семинар қатысушыларына сәттілік тілеп,  мектепке дейінгі ұйымдардың алдында нақты міндеттерін тұрғанын, ол ұсынылған қызметтердің сапасын мемлекеттік нормалар мен стандарттарға, сондай-ақ тұтынушының сұранысына сәйкес қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Семинардың бірінші күні ақпараттандыру алаңында нормативті-құқықтық құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары, психологиялық қолдау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, педагогикалық әдеп принциптерін сақтау, ҰББДҚ толтыру, педагогтермен жұмыстар жүргізу, педагогтердің білімдері мен біліктіліктерін көтеру бағытында баяндамалар оқылып, тәжірибе алмасу алаңында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері өз тәжірибелерімен бөлісті. 2023 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарымен сұхбаттасу алаңы ұйымдастырылып, өзін-өзі бағалау өлшем шарттары талқыланып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинардың екінші күні «Bilim Media Group» компаниясының мектепке дейінгі білім беру бойынша контент әзірлеу департаментінің маманы С.И.Темірғалиева педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, балабақша жұмысын цифрландыру, ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу және қолдану мақсатында жұмыс жасайтын BilimKids порталының қызметі бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының трансформациясы» тақырыбы бойынша баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудандық (қалалық) білім бөлімдері әдіскерлерінің қатысуымен «Әдістемелік қызмет: жетілдіру жолдары мен кәсіби дамыту мүмкіндіктері» дөңгелек үстелінде «2022 жылдың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының қорытындысы» талқыланып, «COLLABORATION» мобильді топтар» жобасы таныстырылып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын жақсарту бағытында мақсат міндеттер белгіленді.

Семинар қорытындысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданып, «Еркін микрофон» алаңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өткізілген шараға оң баға берді.


Іс-шаралар - 2024

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы педагогтерінің облыстық тамыз кеңесінің секциялық жұмысы

2024 жылдың 15 тамыз күні Орал қаласы білім беру бөлімінің №42 «Ақниет» гимназия базасында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында «Тәжірибе. Инновация. Нәтиже» облыстық тамыз кеңесінің секциялық жұмысы ұйымдастырылды.

Секциялық жұмысқа аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Мобильді бірлестік» қауымдастығының мүшелері, Құзыреттілік орталығы мен «Өсу нүктелері» болып белгіленген МдҰ педагогтері, МдҰ, ШО, МББК, МАС әдіскерлері, тәрбиешілері, педагогтері қатысты. Барлығы – 160 педагог.

Жұмыс барысында қатысушылар «Балабақша – технологиялық бастамалар аумағы» интерактивті көрмесін тамашалап, «Цифрлық балабақша: негізгі тәсілдер, мәселелер және даму болашағы», «Цифрлық білім беру ортасын құру - мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын көтеру», «Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудегі цифрлық технологиялар» секцияларында үздік тәжірибелерімен бөлісіп, білім беруді цифрландыру саласындағы инновациялық идеяларын ұсынды.

«MARS ROBOTICS» робототехника және инженерия мектебінің негізін қалаушысы Мақсот Марс Мавлетұлы қатысып, «Білім берудің цифрлық трансформациясы: STEAM әлеміндегі балалар мен педагогтерге арналған оқу платформалары» тақырыбы бойынша таныстырылымын жасады.

Секция қорытындысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныстар қабылданды. Тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге Алғыс хаттар мен Сертификаттар табысталды.

Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі СЕМИНАР

«COLLABORATION» МОБИЛЬДІ ТОПТАР ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Әркімге қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру Жол картасын орындау шеңберінде  Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 наурыз күні Орал қаласы Балалар шығармашылық орталығы базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында «Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында облыстық семинар оздырылды.

Семинарға облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер жанынан тәжірибелі педагогтерден құрылған «COLLABORATION» жобасына қатысушы мобильді топтар, жеке МдҰ, шағын орталық, мектепалды сынып педагогтері қатысты. Барлығы 212 педагог.

Семинардың мақсаты: өскелен ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.

Іс-шара барысында Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының 6 желілік қауымдастығы мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық құндылықтарымызды бойларына қалыптастыру, өз еліне, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында тәжірибелерінде қолданып жүрген жұмыстарын таныстырды. Әр желілік қауымдастық түрлі шеберлік сыныптар, танымдық, интеллектуалдық ойындар, ата-анамен жұмыс, ұлттық ойындар шеруін, шығармашылық шеберханасын, ұлттық ойындар қоржынын, жас аналар байқауын қатысушылармен ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті. 

Семинар соңында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар мен тілектер түрінде кері байланыс жасалды. Желілік қауымдастықтар Білім беруді дамыту орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЦИКЛОГРАММА | ПЕРСПЕКТИВА | МОНИТОРИНГ (@bilimkids.kz)

 

Шеберлік шыңы Шығармашылық ШЕБЕРХАНАСЫ

«Collaboration» мобильді топтар жобасы аясындағы шаралар

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Әркімге қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру Жол картасын орындау шеңберінде Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 мамыр күні Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында «Шеберлік шыңы» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберханасы оздырылды.

Семинарға облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер жанынан тәжірибелі педагогтерден құрылған «COLLABORATION» жобасына қатысушы мобильді топтар қатысты. Барлығы 70 педагог.

Іс-шара барысында Теректі ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлігін дамыту мақсатында тәжірибелерінде қолданып жүрген жұмыстарын таныстырды. Әр мектепке дейінгі ұйым түрлі шеберлік сыныптар, танымдық, интеллектуалдық ойындар, ата-анамен жұмыс, ойындар шеруін, шығармашылық шеберханасын қатысушылармен ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар мен тілектер түрінде кері байланыс жасалды.

«МOBILESTAR» облыстық байқауы

Батыс Қазақстан облысы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 қараша күні Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы МКҚК базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында мобильді топтардың әдістемелік, шығармашылық және инновациялық жұмыстарын жетілдіру, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында «MobilеSTAR» байқауы өткізілді.

Байқауға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері жанынан құрылған 13 мобильді топтардың құрамы қатысты.

Тәжірибелі педагогтерден құрылған мобильді топтар «Жұлдызды таныстыру», «Инновация айнасы», «Шабыт шақтары» турлары бойынша бақ сынасты.

Байқау барысында топтар «Жұлдызды таныстыру» турында өздерін ерекше әрі шығармашылықпен таныстырып, топтың бірегейлігі мен ерекшелігін көрсете білді. «Инновация айнасы» турында өздерінің тәжірибелерін, заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жаңа идеяларын ұсынды. «Шабыт шақтары» турында педагогтермен байланыс орнату шеберліктерін таныстырды. Осындай кезеңдер арқылы әр топ өздерін жан-жақты танытып, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік алды. Байқау педагогтердің кәсіби біліктілігін дамытып, қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқылы білім беру үдерісіне жаңа леп әкелуге ниет білдіреді.

Байқау соңында барлық мобильді топтар іс-шараның нәтижелері бойынша номинацияларға ие болып, Әдістемелік орталықтың Грамоталарымен марапатталды.

 

«Тиімді шешімдер тәжірибесі» oблыстық форумы

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Орал қаласы №50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК базасында «COLLABORATION» мобильді топтар жобасы аясында «Тиімді шешімдер тәжірибесі» тақырыбында облыстық Форум өтуде.

Форумға аудандық облыстық әдістемелік орталығының, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері жанынан құрылған 14 мобильді топтардың құрамы қатысуда.

Форумның мақсаты: мобильді топтар жұмысының тиімділігін анықтау және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.

Бугінгі күні ақпараттандыру алаңында нормативті-құқықтық сүйемелдеу бойынша «Білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу», «Педагог» кәсіптік стандарты», «Мемлекеттік аттестациялау: білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстанудағы жүргізілетін құжаттар», «Заттық-дамытушы орта – балаларды әлеуметтендіру негізі», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі жұмыстардың жүзеге асырылуы», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету» тақырыптарында баяндамалар жасалып, мобильді топтардың әдістемелік көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын айқындап берді. Форум қатысушыларынан түскен сұрақтарға толығымен жауап беріліп, ұсыныстар қабылданды.

Форумның екінші күні тәжірибе алмасу алаңымен жалғасын тапты. Тәжірибелі педагогтерден құрылған мобильді топтар «Кел танысайық», «Әр істің нәтижеге бағытталуы», «Шеберлікке шектеу жоқ», «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» бөлімдері бойынша атқарылған жұмыс есебімен, 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстырып, педагогтермен жұмыс барысында қолданатын түрлі әдіс-тәсілдер, жаңа инновациялық технологиялар мен құнды идеяларын ұсынып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.

Форум қорытындысында мобильді топтар қызметінің мақсат міндеттері белгіленіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды. «Ашық микрофон» алаңында қатысушылар пікір алмасып, шара бойынша әсерлерімен бөлісті.

 


 Іс-шаралар - 2025

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МАМАНДАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ»

Мектепке дейінгі ұйымдағы пән мұғалімдерінің (қазақ тілі мұғалімі, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы) өзара іс-әрекетін үйлестіру арқылы тәрбие мен білім беру үдерісінің сапасын арттыру, балалардың жан-жақты дамуына бағытталған бірлескен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау мақсатында 2025 жылдың 13 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың пән мұғалімдеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы мамандардың бірлескен жұмысы – сапалы тәрбиенің негізі» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинар Seminar Edutalk, Workshop, Interactive zone, Peer-to-peer learning және Idea marketplace бағыттарында Орал қаласы №38 «Жазира» бөбекжайы (музыка жетекшілері үшін), №40 «Болашақ» бөбекжайы (қазақ тілі мұғалімдері үшін), №50 «Заңғар» бөбекжайы (дене шынықтыру нұсқаушылары үшін) базасында ұйымдастырылды.

Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерін ортаға салып, заманауи әдістемелер мен инновациялық тәсілдерді таныстырды. Музыка мен қимыл үндестігі, тіл дамыту, ұлттық ойындар арқылы қозғалыс белсенділігін арттыру тақырыптарында шеберлік алаңдары ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында өткен «ReflexTalk» пікірталасында қатысушылар бірлескен жұмыстың сапалы тәрбиенің негізі екенін атап өтіп, семинарды жоғары бағалап, 2026 жылға арналған тапсырмалармен танысты.

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1228366855778735&id=100058162950831&mibextid=wwXIfr&rdid=Y0aJNf2XVnSQnFyu# 

«ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ-ҮЗДІК НӘТИЖЕ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 22-23 қазан күндері мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің шығармашылық белсенділігін дамыту мен кәсіби біліктілігін жетілдіру, тәжірибелі педагогтерді анықтау мақсатында «Мобильді бірлестік» әдістемелік қауымдастығының пән жетекшілері (музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ тілі мұғалімі) арасында «Үздік жетекші-үздік нәтиже» облыстық байқауы өтуде.

Байқау «Кәсіби портрет» педагогтің Е-портфолиосы, «Lesson Show» ұйымдастырылған іс-әрекеті, «Мамандығым - бренд, еңбегім - тренд» өзін-өзі таныстыру, «Edulifehack» іс-тәжірибелерін ұсыну бөлімдерін қамтиды.

Қазақ тілі мұғалімдері арасында өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды:

🏆Бас жүлде – Н.Т.Хабибуллина, Орал қаласы №41 «Ақтілек» бөбекжайы;

🥇орын – Л.Б.Бектенова, Ақжайық ауданы «Ақбота» балабақшасы;

🥈орын – С.К.Ізімова, Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайы;

🥉орын – Ч.А.Ташматова, Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайы;

🥉орын – Н.Г.Губашева, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайы;

🔹«Үздік портфолио» номинациясы – Г.Д.Грубаш, Бөрлі ауданы №10 «Алтын бесік» бөбекжайы;

🔹«Үздік ұйымдастырылған іс-әрекет» номинациясы – К.А.Ракымберлиева, Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайы;

🔹«Үздік таныстырылым» номинациясы – Н.К.Жалиева, Казталов ауданы «Нұрбалапан» бөбекжайы;

🔹«Үздік Edulifehack» номинациясы – А.Е.Серикова, Бәйтерек ауданы «Жұлдыз-ай» бөбекжайы;

🔹«Үздік Edulifehack» номинациясы – А.Т.Төлегенова, Жаңақала ауданы «Жаңақала балалар бөбекжайы»;

🔹«Үздік Edulifehack» номинациясы – А.Е.Кубиева, Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені.

📌Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының диплом, грамоталарымен марапатталды.

https://www.facebook.com/reel/801355612698540 

Музыка жетекшілері арасында төмендегі жеңімпаздар анықталды:

🏆Бас жүлде – С.Ү.Қарашолақов, Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайы;

🥇орын – Г.К.Насырова, Орал қаласы №4 «Самал» бөбекжайы;

🥈орын – Г.Е.Жаньярова, Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайы;

🥈орын – Г.А.Нуралиева, Бөрлі ауданы №3 «Гүлдер» бөбекжайы;

🥉орын – Т.Р.Набиева, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайы;

🥉орын – Л.Б.Усахова, Ақжайық ауданы «Ақбота» балабақшасы;

🔹«Үздік портфолио» номинациясы – Е.Х.Шандыров, Тасқала ауданы «Ақбөпе» бөбекжайы;

🔹«Үздік ұйымдастырылған іс-әрекет» номинациясы – Н.В.Титова, Бәйтерек ауданы «Жұлдыз-ай» бөбекжайы;

🔹«Үздік ұйымдастырылған іс-әрекет» номинациясы – А.М.Сарбасова, Теректі ауданы «Ақ желкен» бөбекжайы;

🔹«Үздік таныстырылым» номинациясы – К.Т.Ерембаева, Казталов ауданы «Балдәурен» бөбекжайы;

🔹«Үздік таныстырылым» номинациясы – Г.С.Бекен, Бөкей Орда ауданы «Салтанат» бөбекжайы;

🔹«Үздік Edulifehack» номинациясы – Б.М.Джанузакова, Сырым ауданы «Айналайын» бөбекжай-бақшасы.

📌Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының диплом, грамоталарымен марапатталды.

https://www.facebook.com/reel/1369730764864100 

Облыстық байқауының дене шынықтыру нұсқаушылары арасында жалғасын тауып, байқау қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:

🏆Бас жүлде – Н.Н.Туяков, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайы;

🥇орын – Ж.Ж.Искалиева, Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы;

🥈орын – М.С.Тулеушева, Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайы;

🥉орын – О.Қ.Сәмиев, Орал қаласы №29 «Балауса» бөбекжайы;

🔹«Үздік портфолио» номинациясы – А.П.Жалмагамбетова, Ақжайық ауданы «Еркемай» бөбекжайы;

🔹«Үздік ұйымдастырылған іс-әрекет» номинациясы – Д.С.Куттыбаев, Казталов ауылы, «Нұрбалапан» бөбекжайы;

🔹«Үздік таныстырылым» номинациясы – А.К.Сериков, Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайы;

🔹«Үздік Edulifehack» номинациясы – А.М.Есімғалиев, Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайы;

🔹«Үздік Edulifehack» номинациясы – В.И.Имангалиева, Сырым ауданы «Балдырған» балабақшасы.

📌Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының диплом, грамоталарымен марапатталды.

https://www.facebook.com/reel/3776928442603991 

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронная почта:
Batys-adis@itc.edu.kz
Адрес:
090000, г. Уральск,
ул. Жубана Молдагалиева 23
Designed by TORUS.KZ